ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАРЫСТЫ

17:34, 14 маусым 2019

Бүгін Шымкент қаласындағы «Орталық саябақта» Медицина мамандарының кәсіби мерекесіне орай жедел-жәрдем қызметкерлері арасында жарыс өтті. Ашық алаңда жарысқа түскен мамандар кәсіби біліктілігін көрсетіп, өзара мықтыларын анықтады.

Жедел жәрдем бригадалары арасындағы сайыс медицина қызметкерлері күні мен Шымкент қаласының Республикалық маңызы бар қала мәртебесін алған күніне орайластырған. Негізгі мақсат күн – түн демей, тыным таппай халыққа қызмет ететін денсаулық сақшыларының кәсіби біліктілігін арттыру. Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 86 бригада қалыққа жедел қызмет көрсетеді. 100 пайыз сандық жүйеге көшкен. Бригадалардағы мамандардың барлығы смартфонмен қамтылып, медициналық қызмет көрсету электронды жүйеге көшті.

 Гүлнәр Құрманбекова – Шымкент қалалық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері

Бір жыл бұрын емханаларда жедел – жәрдем көрсету бөлімдері ашылған. Бүгінгі таңда 5 емханада 5 жедел – жәрдем бригадалары қосылды. Негізгі мақсатымыз жұмысымызда қандай қиыншылдықтар болып жатыр, қандай жерлерді дұрыс жасамай жатырмыз немесе жедел жасамай жатырмыз. Сол біздің негізгі жұмыстарымызды көрсетіп жатырмыз.

 Адам өміріне араша түсетін ақ қалаттылар жарыста түрлі ситауциялық жағдайларда кездесетін тапсырмаларды практика жүзінде орындап, қайғылы оқиғалар кезінде жылдам әрі сапалы көмек көрсету шеберліктерін ортаға салды. Жедел-жәрдем қызметкерлері  жол апаты орын алған жерге тездетіп  жетті. Зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетті.

Дер кезінде дұрыс көрсетілген алғашқы қызмет науқастың тағдырын шешуі мүмкін. Сондықтанда бұл мамандарға артылар жүк ауыр.

Ғабит Өміралиев – жедел жәрдем дәрігері

 Үнемі аттың жалында түйенің қомында жүріп жұмыс істейтін жедел-жәрдем қызметкерлері жарыста барын салды. Кез-келген жағдайға сақадай-сай екендігін көрсете білді. Оқ бойы озық шыққандарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Н. Күзербаев                                

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...