ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ЖЕКПЕ-ЖЕК ӨТКІЗЕТІН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫЛАР

15:44, 5 қыркүйек 2019

Спорт жаңалықтарына ойыссақ. Жанкүйерлерді қыркүйек айында отандық боксшылардың қатысуымен өтетін бірқатар бокс кеші күтіп тұр. 7 қыркүйек күні Екатеринбургте өтетін сайыста қазақстандық боксшы Станислав Калицкий шаршы алаңға шығады.

Ал, 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Решард Хикс. Жекпе-жек орта салмақ санатында өтеді. Елеусіновтен бір күннен кейін Лас-Вегаста Ескендір Харсан рингке оралады. Оның қарсыласы әлі анықталған жоқ. 26 қыркүйекте Канаданың Монреал қаласында үш қазақстандық боксшының қатысуымен үлкен бокс кеші өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде Батыр Жүкембаев өнер көрсетеді. Ол мексикалық спортшымен жұдырықтасады. Сондай-ақ, осы кеште Нұрзат Сабиров та бақ сынайды. Оның қарсыласы тағы бір мексикалық Бруно Сандоваль  болады. Ал Аман Қазанғапов мексикалық Хесус Ариагамен кездеседі. Орта салмақта өтетін жекпе-жек 4 раундқа жоспарланған. Ауыр салмақта өнер көрсететін Али Балоев пен Еділ Қожамбердиев титулдық жекпе-жек өткізеді деп жоспарланып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
18:16, 20 қыркүйек 2019
СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...