ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

ЖЕМҚОРЛАР МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ЖАЗАЛАНАДЫ

19:24, 16 қыркүйек 2020

Жемқорлық- түбі қорлық. Парамен ұсталған мемлекеттік қызметкер келтірген шығынды өтейді. Мемлекеттік қызметтен шеттетіледі. Бірнеше есе үстеме айыппұл төлейді. Мұнымен қоймай басшысының да қызметтен кетуіне себепкер болады.

Биыл 8 айда облысымызда сыбайластыққа байланысты 288 қылмыстық іс қозғалды. Бұл бойынша мемлекетке 830 малн теңге залал келген. Қазір оның 99 пайызы мемлекетке қайтарылды. Жемқорлық айналып өткен сала кемде –кем. Кентау және қазыфғұрт аудандарында мемлекеттік сатып алу тендеріне бағаны бірнеше есе жоғары көрсеткен. Қазір бұл тапсырыс қайтарылып, жауаптыларға гара қаралуда. Ал Кентауда пәтер кезегіндегі азаматтарға үй беру мәселесі,  бармақ басты көз қыстымен шешіліп келген.

Мирас Қарғабай- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы  бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары

Кентаудағы құқық бұзылыққа жол берген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал азаматтардың кезегі қалпына келтірілді. Ол бойынша сот шешімі шықты.

Жемқорлықтың ашылуына 1424 кол орталығына келген қоңыраулар көмек беруде. Айтқан мәліметтері дұрыс болған 9 азамат 1,5 млн теңге сыйақы алған.   Парақорлар темір торға қамалды. 

Мирас Қарғабай- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы  бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары

Келес ауданы Жамбыл ауыл округінің әкімі жер телімін беру үшін 430 мың пара алу дерегімен сотталды. Сарыағаш ауданының сотымен Экономика және қөаржы бөлімінің бас маманы «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен аясында оң қорытындысымен 350 мың теңге пара алу фактісімен 2,5 млн теңге айыппұл салынған.

Осы жылдан бастап басшылардың қарамағындағы қызметкерлері үшін жауапкершілігі бекітілді. Ол бойынша жемқорлыққа жол берген қызметкердің басшысы отставкаға кету міндеттелген. Бүгіндері ауыл әкімдері жемқорлық фактісі бойынша ұсталған Кентау қаласы Келес, Мақтарал аудандарының әкімдеріне отставкаға кету туралы ұсыныс берілді.Алдағы уақытта бұл аудандардың әкімі қызметтерінен кетуі мүмкін.  

Жемқорлық- түбі қорлық. Парамен ұсталған мемлекеттік қызметкер келтірген шығынды өтейді. Мемлекеттік қызметтен шеттетіледі. Бірнеше есе үстеме айыппұл төлейді. Мұнымен қоймай басшысының да қызметтен кетуіне себепкер болады. 

Тақырып бойынша материалдар

АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
10:56, 23 қыркүйек 2020
АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК–НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕМІСІ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
10:54, 23 қыркүйек 2020
ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮМІТКЕРЛЕР ПІКІР САЙЫСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...