ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Жемқорлықпен күресетін түбіртектер шықты

17:09, 20 сәуір 2017

Ерекше түбіртек. Облыс тұрғындарына соңғы уақытта айрықша жазбадағы коммуналдық төлемақы қағаздары таратылуда. Оның бір бетінде Сіздің суға, табиғи газға, электр энергиясына төлеуге тиіс сомаңыз көрсетілген. Ал, келесі бетінде жемқорлыққа қарсы үндейтін ұран сөздер мен суреттер басылған. Бұл Республикалық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңіріміздегі департаменті қолға алған жаңа акция шеңберіндегі іс.

Ерекше түбіртекті алғаш болып, алғандардың бірі - Дина Әлжанова. Ол әдетте  қарыз сомасына ғана жіті мән беретін. Түбіртектің ендігі безендірілуі ерекше көңіл аудартады.   

ДИНА ӘЛЖАНОВА – ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

Мына жерде көп ақпарат бар екен. Бұл азаматтарға көп көмек болады, - деп ойлаймын. Жемқорлықпен күрес департаментінің бұл басқамасын өте дұрыс деп есептеймін. Өйткені, мұнда жемқорлық фактілері орын алғанда қайда хабарласу керектігі жазылған...

Жемқорлықтың алдын алуға үндейтін түбіртектер барлық абоненттерге таратылып жатыр. Ал, бастамадан жоғары нәтиже күтетін департамент қызметкерлері болса, есіктен-есікке жүріп, түбіртектегі ақпаратқа назар аударудың маңыздылығын түсіндіруде.

АЛЕКСЕЙ КОЛОСКОВ – ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ОҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ

Аударма: Бұл жұмыс «Есіктен есікке» акциясының аясында жүзеге асып отыр. Мұндағы мақсат - жемқорлыққа қарсы күрес шараларына халықты жаппай жұмылдыру. Көп азаматтардың бұл бағыттағы жұмыстарды білмеуі де мүмкін. Ал, түбіртектер барлық үйге таратылады. Соның арқасында халықтың барлығы хабардар болады деген ойдамыз. Сондықтан, бұл бағыттағы жұмыс жыл соңына дейін жалғасатын болады.

Департамент... акцияға қолдау көрсету туралы ұсынысын  бірнеше компанияға айтқан. Әзірге тек «Оңтүстік Жарық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғана оң қабақ танытты.

ГЕОРГИЙ ПЕТРОВИЧ - «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ» ЖШС-нің КОММЕРЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Негізінде сыбайлас жемқорлық деген экономиканың дамуын тежейтін бірден бір фактор. Сондықтан біз бұл бастаманы бірден қолдадық. Біздің ойымызша, онымен күресті әрбір азамат өзінен бастауы керек. Үгіт-насихат жұмысына үн қосуымыздың мақсаты - сол азаматтарды барынша құлағдар ету.

«Есіктен-есікке» акциясы аясында тұрғындарға түбіртектер таратудан бөлек, көрнекі жерлерге түрлі билбордтар мен плакаттар ілінуде. Жемқорлық – індет. Онымен күресу – әр қазақстандыққа міндет!

Тақырып бойынша материалдар

Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
18:04, 17 қазан 2017
Білім - адами капитал сапасын арттырудың бастауы
Толығырақ...
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі алған әсерімен бөлісті
17:55, 17 қазан 2017
Жұмысқа қоғамдық көлікпен қатынап жүрген Шымкенттің әкімі ал...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...