
10 қараша күні Фресно қаласындағы Chukchansi Park аренасында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 39 жастағы тәжірибелі канадалық Альберт Онолунозамен жекпе-жек өткізеді.
Қазақстандық бокс жанкүйерлері бұл жекпе-жекті тікелей эфирде көре алады. «Хабар» телеарнасы сағат 08:00-ден бастап бокс кешін тікелей эфирде таратады. Онолуноспен болатын жекпе-жекте Әлімханұлы орта салмақтағы WBC Continental Americaas тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуін қорғайды. Жәнібек соңғы рет рингке 17 тамыз күні шыққан болатын. Лос-Анджелес қаласында өткен жекпе-жекте жерлесіміз канадалық боксшы Стюарт МакЛелланды 5 раундта нокаутқа жіберген еді.
Нұрсұлтан Әбдірашит