ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЖӘРДЕМАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ ӨЗГЕРЕДІ

12:36, 11 сәуір 2019

Елбасы тапсырмасымен көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыны тағайындау тәртібі өзгеруі мүмкін. Атап айтқанда жәрдемақы алу үшін өтініш берген жанұялардың малы мен үйіндегі дүние мүлкін есептеу жаңаша бағытта жүргізіледі. Мәселен, бұған дейін отбасының қорасындағы қарасы мен есік алдындағы жеміс ағаштары табыс көзі ретінде есептеліп келген болса, енді олардан түсетін табыс нақты есептелетін болады. Бұл туралы күні өңірімізге арнайы келген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді.

Түркістанға табан тіреген министр алдымен қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына барды. Онда Бердібек Мәшбекұлы жәрдемақыға байланысты құжат қабылдау жұмыстарымен танысты.

Құжат қабылдау жұмыстарының барысын бағамдағаннан кейін  Бердібек Сапарбаев жауапты сала мамандарына жәрдемақыны тағайындау кезінде ескерілуі тиіс нақты тапсырмаларды берді. Соның бірі көпбалалы отбасылардың дүние мүлкін есептеу кезінде малдың санымен қатар оның шығынында есептеу керек екенін ескертті.

Бердібек Сапарбаев – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Маған айтады 1 сиыр 1 тоқсанда 62 мың теңге пайда береді деп. Қалай ол 62 мың теңге береді!? Ол мүмкін емес қой. Себебі, 1 сиыр көп болса 10 литр сүт береді. Біздегі сиырларда олда жоқ. Оның жартысын өздері іщіп қояды. Жартысын сата ма, сатпай ма? Қарау керек. Осыған енді біз өзгеріс енгіземіз.   

 Сонымен қатар «есік алдында өсіп тұрған жеміс ағаштарында табыс көзі ретінде көрсетуді тоқтату керек»- деді, министр. Өйткені, оның қаншалықты пайда әкелетіні белгісіз. Тумаған тауықтың тұқымын санау да әділетсіз екенін алға тартқан Бердібек Сапарбаев барлық істе жергілікті билік басты ролде екенін осындағы мамандардың есіне салды.

Бердібек Сапарбаев – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Егістікті де қарау керек. Одан пайда бар ма жоқ па? Ол бойынша жергілікті биліктің толық есептеуге мүмкіндігі бар ғой. Ал, тауық дегенді алып тастау керек. Өйткені ол өліп қалса қайтеді.

 Еске салып өтейік, бұған дейін елімізде жәрдемақыға байланысты көпбалалы отбасылар тарапынан көптеген мәселелер айтылған болатын. Соның ішінде дүние мүлікті есептеу жайы да бар болатын. Бұйыртса ондай оқиғалар енді орын алмайтын болады.

М. Жарылқасын 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...