ШҰҒЫЛ! СУ ҚҰБЫРЫ ЖАРЫЛЫП, БАСПАНАСЫЗ ҚАЛДЫ Толығырақ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ҚОРЖЫНҒА 1 АЛТЫН, 1 КҮМІС ЖҮЛДЕ ҚОСТЫ

14:39, 9 шілде 2019

Италияның Неаполь қаласында өтіп жатқан жазғы Универсиада ойындарында жерлестеріміз қоржынға 1 алтын, 1 күміс жүлде салды. Спорттық гимнастикадан жекелеген жаттығулар бойынша Милад Карими күміс медальді қанжығаға байласа, ал алғашқы алтынды дзюдошы Ғалымжан Қырықбай иеленді.

Қазақстан атынан 94 спортшы аттанған Универсиада ойындарының алғашқы күні-ақ, тартысты бәсеке алаңына айналды. Спорттық гимнастикадан жекелеген жаттығулар бойынша финалдық бәсеке аяқталды. Қазақстан атынан жерлесіміз Милад Карими кермедегі жаттығуда 14.675 ұпай жинап, екінші орын иеленді. Бірінші орында тайпейлік Чиа Хунг Танг, ал үшінші орынға ресейлік Иван Стретович лайық деп танылды.

Ал, Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салған спортшы болып Универсиада тарихында дзюдошы Ғалымжан Қырықбай есте қалатын болады. Ол өз салмағында бабы келсе де бағы жанбай жеңіліп қалған болатын. Онан соң абсолютті салмақта боз кілемде барын салып, бағы жанды.  Жүлделі орыннан көрінді. Еске сала кетейік, бұл жүлделер Қазақстан қоржынына түскен үшінші, төртінші медальдар. Бұған дейін гимнаст Нариман Курбанов күміс, стенд атушы Сәрсенкүл Рысбекова қола жүлдегер атанған.

 

Нұрсұлтан Мұхамеджанұлы         

Тақырып бойынша материалдар

АТАУЛЫ  ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
18:05, 22 тамыз 2019
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК САЙРАМДЫҚТАРҒА ДЕМ БЕРІП ТҰР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...