ШҰҒЫЛ! АЛҒАШҚЫ НЫСАН ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ Толығырақ

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТУЫН ЖЕЛБІРЕТТІ

12:17, 2 тамыз 2019

Жерлестеріміз жат жерде, жеңіс туын желбіретті. Шілде айында өткен Әлем және Азия чемпионаттарында екі бірдей өңір спортшысы алтыннан алқа тағынды. Жеңімпаздарды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев қабылдап, құттықтады.

Шілденнің соңында   өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміздің асығы алшыннан түсті. Чехия елінде өткен жарысқа 52  мемлекеттің 1500 астам спортшылары қатысты. Кіл мықтылардың арасынан  отандық спортшылар үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстан 11 орынға тұрақтады. Жалпы ел қоржынында 2 алтын, 2 күміс және 5 қола медаль бар. Соның екі жүлдесін  Кентау қаласының тумасы Жансая Досыбаева жеңіп алды. 

 ЖАНСАЯ ДОСЫБАЙ –  КАРАТЭ - ДОДАН  ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Мен  катадан 1 орын және кумитэден 2 орынды иелендім. 2013 жылдан бастап каратэмен айналысып келемін. Азия чемпионатыда топ жардым.  Әлемдік деңгейде бірінші рет Әлем чемпионатына қатыстым. Алдағы жоспар осы спорт бойынша алға ұмтылу. Осындай мүмкіндік берген жаттықтырушыларыма алғысымды айтамын.

Ал 29-30 аралығында Тайпей қаласында өткен Азия чемпионатында  дзюдодан Айдар Арапов жеңіске жетті. 17 жасар спортшы алдағы уақытта биік белесті бағындыруды көздейді.

  АЙДАР АРАПОВ -   ДЗЮДОДАН  АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

19 мемлекет қатысты. Дзюдодан жасөспірімдер арасында. Ең үлкен жетістігі осы. Дзюдомен айналысқаныныа 7 жыл болған. Алматыда Әлем чеимпионаты. Қыркүйекте өтеді. Олимпида чемпионы болу. 

Жерлестеріміздің жеңістері мұнымен тоқтап қалмайтыны белгілі. Олар алдағы күндері өтетін спорт додаларына қатысады. Жалпы өңірде спорт саласы оң жолға қойылып, белсенді дамып келеді.

 

А. Бидан                                                          

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
13:14, 16 тамыз 2019
ЕРЕЖЕСІЗ ЖЕКПЕ-ЖЕККЕ ҚЫЗЫҒУШЫ ЖАСТАР КӨП
Толығырақ...