ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ

17:30, 13 қыркүйек 2019

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру мақсатында Төлеби ауданында жәрмеңке ұйымдастырылуда. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап, әр аптаның жұмасында жергілікті шаруалар мен кәсіпкерлер өндірген өнім... арзандатылған бағамен сатылымға шығарылып жатыр. Баға... базар нарқынан 10-15 пайызға төмен.

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен күнделікті тұтынатын заттардың базар бағасынан 10-15 пайызға төмен сатылуы,  Төлебиліктерге қуаныш сыйлады. Базарға сабылмай, аудан орталығынан керегін тапқандар ұйымдастырушыларға риясыз ризашылықтарын білдірді.

Гүлбахира Бердиева- Төлеби ауданының тұрғыны

Бүгін қаламызда жәрмеңке өтіп жатыр деген соң келдім. Базардан бағасы арзан. Үйім осы маңға жақын. Қажетті нәрсенін барлығын алдым.

 Өз өнімін арзандатқаннан кәсіпкерлер ұтылмайды –дейді аудан әкімі. Себебі жәрмеңкеде жай күндегіден алушылар қатары көп. Оның үстіне жәрмеңке  тұтынушылар қатарын арттырады. Сондықтан мұндай шаралар  сатушыға да алушыға да тиімді.


Құттымурат Тұрғынбаев-Төлеби аудандық ауыл шаруашылығы және  жер қатынастар бөлімінің басшысы

Төлеби ауданы бойынша 13 ауылдық округ өнімдерін әкеліп отыр. Өздері өндірген өнімдер. Халыққа дұрыс баға деп ойлаймын.

  Тауарлардың негізі - аудан жұртшылығы өздері өндірген өнім.Арзан бағада  азық-түлік алған көпшілік әр апта сайын болатынына қуанып отыр.

Ұ.Байниязова                                                        

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар