ШҰҒЫЛ! ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ Толығырақ

ЖЕТІ ӘКІМ 7 ТҮРЛІ ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ

21:08, 18 қараша 2019

«Жеті әкім 7 түрлі жоба әзірледі. Әкімнің маман болуы шарт емес, орынбасарлары кәсіби білікті болуы аса қажет». Осы сынды кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталған тың ұсыныстар қала әкімінің бизнесмендермен еркін форматта өткен кездесуінде айтылды. Ал, мәслихат шешімді бұзуға неге асығады? Жауабын әріптесім айтсын.

Бүгінгі жиын бұрынғысынан өзгерек. Қала әкімінен бастаған аппарат пен кәсіпкерлер галстукты шешіп, ой-пікірлерін бір кесе шай үстінде өрбітті. Алғаш сөз алған Ерлан Айтаханов бизнесмендерді білім, денсаулық сынды әлеуметтік салаға инвестиция құюға шақырды.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

«Барлық дамыған мемлекеттердегідей шағын және орта бизнесті қаланың локомотивіне айналдыруымыз қажет. Ол үшін барлығымыз бірлесе жұмыс жүргізуіміз керек. Бүгінгі кездесуді пайдалана отырып, өздеріңізді аталған жобаларға атсалысуға шақырамын. Аталған салаларды дамыту еліміздегі әлеуметтік саламыздың мәселесін шешіп қана қоймай, экономикалық тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік-экономикалық дамытуға, инвестиция көлемін арттыруға, сонымен қатар, өзіміздің жергілікті кәсіпкерлердің әлеуеті арқылы әлеуметтік мәселелерді шешуге зор үлесін қосатын болады».

Әкімдік тарапынан дайындалған тұрғын үй құрылысы мен  өндіріс салаларын дамыту мақсатында жаңа жобалар таныстырылды. Оны мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында жүзеге асыруға болатынын еске салды. Бұл орайда, кәсіпкерлер де өз ұсыныстарын айтты. Мәселен, қыс мезгілінде қаланың тазалайтын небәрі 4 қана мекеме бар. Ал, басқа компанияның техникалық базасы мықты болса да мемлекеттік сатып алуға әдейі қатыстырылмайды екен.

Болатбек Әлиев – жеке кәсіпкер

-Себебі, монополистер бәсекеге қабілетті болмағандықтан ондай ортаға жібермейді. Айналып келген де 4 қана мекеме бөліп алып отырады. Ал, оны әкімдік реттеп отыруы тиіс. Қаланы 7 әкім басқарса, 7 жоба дайындалады. Мәслихат шешімді бұзуға дайын тұрады. Әкім маман болуы шарт емес, ал орынбасарлары кәсіби тұрғыда мықты болуы керек. 

Шымкентте өндіріс пен инфрақұрылым дамып келеді. Бүгінде 500-ден аса ірі және орта кәсіпорындар мен 68 мың шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істейді.  Бұл үлкен нарық. Оған қоса көне шаһардың кәсіпкерлік потенциалы жоғары. Осы ретте қала әкімі жергілікті іскер азаматтарды  қоғамдағы сұранысы жоғары жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға шақырды.     

Р.Бақытжанқызы                                      

 

Тақырып бойынша материалдар

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
20:30, 13 желтоқсан 2019
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ АРДАГЕРЛЕР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Толығырақ...
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ –  ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
20:26, 13 желтоқсан 2019
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
18:37, 10 желтоқсан 2019
ҚАТЕЛІККЕ ЖОЛ БЕРГЕН ШЕНЕУНІК ЖАЗАЛАНАДЫ
Толығырақ...