ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖЕТІСАЙДА ЦИТРУСТЫ ЖЕМІСТЕР ӨСІРУДЕ

14:09, 4 қыркүйек 2019

«Ексең егін ішерсің тегін». Жетісайлық шаруа күтімді аса қажет ететін цитрусты жемісті өсіруде. Әуесқой бағбан Бердияр Нышанов Өзбекстаннан әкелген лимон көшеттерін біздің ауа-райына бейімдеп жатыр.Таңсық өнімді егіп, өзгелерге өнеге болған бағбанның жылыжайы жайлы тілші тарқатып айтады.

«Қалауын тапсаң қар жанар». Атадан қалған қанатты сөз астарында адамның қолынан келмейтін іс болмайтыны айтылады. Бабын келтірсең  өнім  бермейтін жеміс жоқ. Дегенмен, климат таңдайтын жидектер де жоқ емес. Сол себепті кейбір жемістерді шетелден тасымалдауға тура келеді. Ал, жетісайлық шаруа Бердияр Нышанов биылдан бастап өз елімізде-ақ халық сұранысын өтеймін деп отыр.


БЕРДИЯР НЫШАНОВ – «ДОСЖАН» ШАРУАҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Лимон көшеттері осы жылы Өзбекстаннанәкелінді.Наурыз айында егілген 130 түп көшет бүгінде нышана беріп жатыр.«Досжан» шаруақожалығында бұдан бөлек, қызанақ, қияр, бақша өнімдері өсіріледі. Қазіргі таңда, жергілікті тұрғындардың сұранысын өтеп,қалғанын Қазақстанның барлық қалаларына жөнелтуде.


МАРАТ ЖҰРҚАБАЕВ – ЫНТЫМАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Шаруақожалықта 15-ке жуық адам жұмыс істейді. Барлығы жергілікті тұрғындар. Шаруалар биыл жалпы көлемі 100 тоннадан аса өнім жинап үлгерген. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш еселенеді деген ниетте.

Д.Өмірзақова                                                                                                    

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...