ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖЕТІСАЙДА МАҚТА ТЕРУ БАСТАЛДЫ

14:02, 6 қыркүйек 2019

Жетісай – ақ алтынмен аты шыққан аймақ. Ауданда қазіргі таңда терімшілік жұмыстары басталды. Уақытпен санаспай тер төккен дихандар енді көл-көсір өнім алуға ниетті. Адал еңбек пен табиғи өнімдер жайлы тілші тарқатып айтады.

Аудан ауыл шаруашылығы саласында алғашқылардың қатарында көш бастауға ден қойған. Егістік алқаптарында мақтадан бөлек, жеміс ағаштары мен бақша өнімдері, көкөністер де егілген. Мәселен мына мақта егілген алқапқа Мұхтар Ахметов бұған дейін орамжапырақ егіп, одан өнім алып үлгерген. Ал, ақ алтынның әр гектарынан 30 центнерге жуық мақта алуды көздеп отыр.

МҰХТАР АХМЕТОВ - ДИХАН
Бұл өлке бұрын жазық дала болған. Халық саны көбейіп қоныстанған соң, көгалды аймаққа айналды. Бұл нәтиже осындағы еңбекқор тұрғындардың адал еңбегі мен маңдай терінің арқасы.
ӘЗҚАБЫЛ ЖАМАНОВ – ЫНТЫМАҚ АУЫЛДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгінде аймақта 107 кооператив бар. Оның 52-сі егістікке ағын су жеткізіп берумен айналысса, 45-і минералды тыңайтқыштар таратумен шектеледі. Сол себепті аудан басшылығы агросаладағы жетістікті ұлғайту үшін кооперативтерді көбейтуді көздеп отыр.

Д.Өмірзақова                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар