ШҰҒЫЛ! ЖЕТІ ӘКІМ 7 ТҮРЛІ ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ Толығырақ

ЖЕТІСАЙЛЫҚТАР ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАЙДЫ

13:59, 11 қыркүйек 2019

Кәсіпкерлікті қолдау- ел экономикасына серпін береді. Дамыған елдердің негізгі қозғаушы күші шағын және орта бизнесте. Мемлекет басшысы биылғы жолдауында осы саланы дамытуға күш салуды тапсырған болатын. Жетісай ауданына ақпараттық насихат топты бастап барған облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев осы мәселелер төңірегінде әңгіме өрбітті.

Жетісай  аудандық әкімдігінің мәжіліс залында өткен басқосуда зиялы қауым өкілдері алдымен Президент жолдауын талқылады. «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбында пікір алмасып, қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Мейіржан Мырзалиев  - Түркістан облысы әкімінің орынбасары

 Сонымен қатар ақпараттық-насихаттық топ мүшелері жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Бизнес саласында кездесетін қиындықтар мен кедергілерді жою, несиелендіру жолдары, пайыздық үстемелер жайында ашық диалог құрды. Облыстық қаржы институттарының басшылары да өз кеңестерін беріп, жергілікті кәсіп иелеріне қолдау көрсетті. 

М. Жорабай                                                                                          

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

3 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ, 3,5  МИЛЛИОН ТҮП ТАЛ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ
21:19, 18 қараша 2019
3 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ, 3,5 МИЛЛИОН ТҮП ТАЛ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...