ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІНЕ – 90 ЖЫЛ!

13:25, 25 қараша 2020

Биыл Шымкент Жоғары медициналық колледжіне 90 жыл! Тарихы терең білім ордасынан осы уақыт ішінде 30 мыңнан астам түлек қияға қанат қақты. Олар қазір еліміздің түкпір-түкіпірінде жемісті еңбек етіп жүр. Бұл ең біріншіден оқу ордасының сапалы білім беруінің нәтижесі. Торқалы той аясында білім ордасы «Инновациялық технологияларды білім беру үрдісіне енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-теорриялық конференция ұйымдастырды.

Онлайн режимде өткен жиынға өңірдің медицина қызметкерлерімен қатар, Ресей мен Тәжікстанның білікті мамандары қатысты. Конференция спикерлері білім беру үрдісіне инновация игіліктерін енгізу бағытында баяндама оқыды. Басты мақсат-сапалы білім беру арқылы бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Сейітжамал Пакеев – Шымкент жоғары медициналық колледжінің директоры

Шымкент  жоғары медициналық колледжі медицина саласындағы білікті мамандарды дайындайды. Қазіргі таңда, әсіресе медбике, тіс дәрігері мен фармацевт мамандары сұранысқа ие. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы колледждің ұжымы мен студенттерін оқу ордасының мерейтойымен құттықтап, мақтаулы мамандарды марапаттады.

Жаһан жұртын әбігерге салған пандемия медицина мамандарының жауапкершілік жүгін жоғарылатты. Сала мамандарына деген сенім де салмақты. Ал, Ләйлә Серікова осы оқу ордасының түлегі. Бүгінде білгенін, ойға түйгенін кейінгі ұрпаққа үйретіп жүр.

Ләйлә Серікова – Шымкент жоғары медицина колледжінің оқытушысы

Құтты білім ордасында мұражай көрме жұмысын бастады. Онда жылдардан жұрнақ болған экспонаттар мен сала жұмысына серпін берген жәдігерлер қойылған. 

Гүлмира Дәрібаева - Шымкент жоғары медицина колледжі әдістемелік бөлім меңгерушісі

Жүрекжарды тілек. Ақжарма ниеттерін онлайн байланыс арқылы білдіргендер көп. Шара барысында ұжымның шетелдік әріптестері бейнебайланыс арқылы оқу ордасын 90-жылдық мерейтойымен құттықтады.

 

Г. Қалмырзақызы                                 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар