
Түркістан облысында тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізген болатын. Нәтижесінде полицейлер екі автокөлік жүргізушілерінің арасында ерегіс жазылған бейнежазбаны анықтады. Қазіргі таңда жол ережесін бұзған азаматқа жүргізушіге айыппұл салынып, жүргізу куәлігінен айрылатын болды.
Аталған оқиға Келес ауданы елді-мекендерінің бірінде орын алған. Онда "Шевролет" автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Лада"автокөлігін соққан. Қазіргі таңда жол апатына себепші болған азамат өз кінәсін мойындады. Ол егде жастағы ер адам Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда кінәлі деп танылған азамат ҚР ӘҚБтК-нің 4 бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар жол ережесін бұзған жүргізушіге айыппұл салынуы мен жүргізуші куәлігінен айыру үшін сотқа жолданады. Өз кезегінде, "Лада" көлігінің жүргізушісі жол көлік оқиғасына кінәлі азаматқа қатысты ешқандай шағымы жоқ екенін айтып, арыз жазудан бас тартты.