ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

13:49, 9 қыркүйек 2019

Қазығұрт ауданында ішкі көшелерді жөндеу жұмыстары қарқын алды. Бұған дейін шаң топырақпен жүретін ауыл тұрғындарымен оқушылардың қуанышында шек жоқ. Шоқан Уәлиханов атындағы көше жергілікті бюджет есебінен күрделі жөнделсе, тағы бес көшені жаңарту жоспарланып отыр. 2019 жылы аудандық бюджет есебінен 21 көшеге 45 шақырым жол салынады.

Қазығұрт  ауданында жол құрылысы қарқын алды.Аудан орталығындағы Шохан Уәлиханов көшесінің жол құрылысы басталды. Жолдың кей бөліктері кеңейтіліп, жиектері алмастырылуда, қажетті тұстарына суағарлар салынуда. Сонымен қатар жаяу жүрушілерге де жағдай жасалған, көшелер жарықтандырылып, жүргіншілер жолдары ретке келтірілуде. Жоспар бойынша Таған ЖШС-тігі  жаңарған жолдарды  қыркүйектің соңында тапсыру жоспарлапты. Жұмысшы саны жетерлік, негізгі мамандар болмаса  ауданның 15- ке жуық азаматтары қол күшімен тынбай еңбек етіп напақасын табуда дейді жауапты мамандары.

 Нұрлан Дәулетбахов - телім басшысы

Сонымен қатар, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 9 көшеге  13 шақырым жол жөнделеді. Бұл мақсатқа 343 млн 200 мың теңге қаржы бөлініп, орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ жол аяқтармен көшелер де жарықтандырылуда. Ал көлік жүргізушілер болса жолдың сапалы жөнделуіне дән риза.

Тұрлыбек Абдуллаев - Қазығұрт  ауданының тұрғыны

 

  • 2020 жылы аудандық  маңызы бар  3   жолдың күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілу     жоспарлануда. Кезең кезеңімен ауданның 13 ауыл округтеріндегі ішкі көшелер де жөнделіп келеді.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...