ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОҚТАП ТҰР

14:00, 11 қыркүйек 2019

Түркістан облысы аумағындағы Сарығаш пен Өзбекстанның Жызақ облысын жалғайтын республикалық жолдың күрделі жөндеуі «сақалды» құрылысқа айналатын түрі бар. Төрт айдың ішінде күре жолдың небәрі 9 шақырым жеріне ғана асфальт төселді. Мердігер құрылыс компаниясының жұмысы сонымен сап тиылды. Құрылысты аяқтауға 40 күндей уақыт қалды, әлі 26 шақырым жері бар. Ал, оны бітіре алмай жатқанда айналма жол ретінде уақытша пайдалануға берілген Шардара бағытындағы тас жолдың талқаны шықты.

Мамыр айынан бері айналма жолдың бойындағы Ошақты және Бірлік ауылы адамдарынан маза кетті.  Айналдырған 3-4 айда 12 жол апаты болды. Салдарынан  6  адам қаза тапты. Оның екеуі жасөспірім.  

Әмірәлі Тәттібеков - Ауыл Тұрғыны

Жеңіл мәшине жүру мүмкін болмай қалды. Асты тиіп қап жатыр. Қайта қайта тегістеп ремонттаған болады. бірақ одан жақсармайды. Жауын шашын күні жердің ой шұқыры білінбейді. Жеңіл машине түссе балондар атылып кетіп жатыр.

Айналма жолдың талқаны шығып кеткен соң енді көліктер өзге ауылдардың ішімен жүретінді шығарды. Қошқарата, Жүзімдік, Бірлесу ауылдарының ішкі көшелері  күндіз түні көлік нөпірі саябырсымайтын магистарльді дәлізге айналды. Мұндағы жұрт оқу басталғалы жанын шүберекке түйіп отыр.  Жолдың бойында 6 мектеп және бірнеше балабақша орналасқан. Ата-ананың да, мұғалімінің де уайымы баланың амандығы. 

Жақыпбек Әбдірайымов  - Мектеп директорының орынбасары

3 мыңға жуық көлік өтіп жатыр. Жол тар. Көлік көп. Балалардың қауіпсіздігі  өте қиын. Кебір түсінігі төмен шоферлар  100-200-бен айдайды осы жерде. Жүрегіміз сулап, қорқып өлетін болдық. Біреудің баласын өлтіріп аламыз ба деп.

Жол төсеп жатқан «ТММ Береке» компаниясының тірлігі сылбыр, сөзі сұйық боп шықты. Тас төсейтін, жер тегістейтін техникалар жол бойында қаңтарылып тұр. Қыбырлаған пенде жоқ. Жұмысшымыз деген 4-5 адам  ағаштың көлеңкесінде  дем алып отыр.

Замир Ситанов - Мердігер компания басшысының орынбасары

Кешігіп жатқанымыз оңай жұмыс емес. Төрт айда  усиленно кіріскен жоқ едік. Техниканы күттік. Енді 2 айда бітіреміз. Ол кезде толық келіскен жоқ едік. 

Мекеме басшысы кіммен не жайында келіскенін ашып айтпады. Осы кезге дейін әлдебіреулердің баталы сөзін күткен секілді. Айтқанынан ұққанымыз қаржысы, техникасы жеткілікті болғанымен жұмыс тым ауыр екен. Сонысына қарағанда мердігер «көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап алған» тәрізді. Оның бұл әрекетіне жұмысқа тапсырыс беруші «Қазавтожол» мекемесі әзірге үнсіздікпен ғана қарап отыр.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                         

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...