ШҰҒЫЛ! ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ Толығырақ

ЖОЛ ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ

13:53, 11 ақпан 2020

Түркістан облысындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын талапқа сай келтіру үлесін 2020 жылы 77,6 пайызға жеткізу көзделген. Автомобиль жолдарына жүргізілген құрылыс-жөндеу жұмыстарының ауқымы бойынша Түркістан облысы республикада көш бастап тұр. Жолдардың сапасын арттырып, жол жүру қауіпсіздігін күшейтуге қатысты осы және өзге де жоспарлы жұмыстар Сарыағаш ауданында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен өткен көшпелі мәжілісте айтылды. Жиынға барлық тиісті басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Биыл облыс бойынша 15 380  шақырым жолдың шұңқыры жамалып, 45 мың шақырымдай жерде тегістеу қабатын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қосымша 2000 жарықшамдар орнатылмақ. Жиналыста жол көлік оқиғаларының саны артқаны жайлы айтылды. Аймақ басшысы жағдайды тұрақтандыру үшін толық талдау жасап, тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Осы орайда жол белгілері, бағдаршам мен жылдамдықты өлшеу құралдары көбейтілмек. Облыс аумағында жалпы пайдаланымдағы жолдар мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 16 746 94 шақырымды құрайды. Жол апаттарының басым көпшілігі ауданаралық, жаңа жолдарда орын алуда. Басты себеп – көлікті жоғары жылдамдықта басқару. Мәжілісте сондай-ақ жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу, өңірдегі этносаралық қарым-қатынас пен шекара маңы аудандарындағы заңдылықтардың сақталу барысы баяндалды. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құқық қорғаушыларға бұл тұрғыда қырағылық танытып, халықтың тыныс-тіршілігін жіті назарда ұстауды тапсырды.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                  


 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
18:37, 27 наурыз 2020
ТҮЛКІБАСТА 6000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
01:01, 25 наурыз 2020
Шымкентте бір адамнан коронавирус анықталды
Толығырақ...
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына мәлімдемесі
09:23, 26 наурыз 2020
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қала тұрғындарына м...
Толығырақ...