ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ II КЕЗЕҢІ БАСТАЛАДЫ

19:33, 13 қаңтар 2021

Қаламыздағы Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығы құрылысының 1-кезеңі аяқталды. Ал, 2-этап 20 қаңтардан басталады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, 2021 жылдың қараша айына дейін құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, жолайрықта көлік қозғалысын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Жолайрық құрылысы ІІІ кезеңге бөлініп қарастырылған. Оның 1-кезеңі 2020 жылдың 15 қазанында басталып, бүгінге дейін инженерлік желілер, қада құю мен бағана орнату сынды жұмыстары орындалды. Енді жоспарға сәйкес, 2 этапты ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастау көзделген. Ал, 2-кезеңде жол жабынын бұзу, инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жер қазу, тіреу қабырғаларын бетондау, жол өткелінің құрылысы, және жол жамылғысын салу жұмыстары атқарылатын болады. 

 

Мақсұт Исахов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 

КСМ: Мақсұт Пернебайұлының айтуынша, биылға жалпы 5 миллиард теңге бөлініп, жолайрықты қараша айында іске қосу жоспарланып отыр.  Осы кезеңде Қонаев даңғылы мен Бәйдібек би даңғылының бір бөлігі жабылады. Көлік ағынын, Дулати, Қазыбек би, Байырқұм, Байтұрсынов көшелеріне бағыттап, көлік қозғалысы ұйымдастырылады.

 

Мақсұт Исахов – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары

 

Айтып өтейік, 2021 жылы автомобиль жолдарына 32,3 млрд. теңге бөлінді. Жалпы 128 нысан немесе 253,1 шқ. жолдар құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылады.

Тақырып бойынша материалдар

КОРЕЯДА СОТТАЛҒАН ОТАНДАСТАР ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ МҮМКІН
19:48, 20 қаңтар 2021
КОРЕЯДА СОТТАЛҒАН ОТАНДАСТАР ЕЛГЕ ҚАЙТАРЫЛУЫ МҮМКІН
Толығырақ...
ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ТИІСТІ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
19:26, 20 қаңтар 2021
ЖЕР КОДЕКСІНЕ ЖЕДЕЛ ТҮРДЕ ТИІСТІ ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУ ҚАЖЕТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар