ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛДАҒЫ КАМЕРАЛАРДЫҢ САНЫ АРТАДЫ

16:30, 10 қаңтар 2019

Өткен жылы облысымыздағы көлік жүргізушілерге қатысты 239 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылған. Оның 147 мыңдайы жол ережесін ескермегені үшін жазылған. Нәтижесінде жүргізушілерге 1 млрд 700 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы да еселенуі мүмкін. Өйткені, өңіріміздегі күре жолдарға жылдамдықты өлшеп, жүргізушінің әрекетін бақылап тұратын бейне қондырғылар көптеп орнатылмақ. Сонымен қатар,жаңа жылдан бастап елімізде айыппұлдардың да көлемі 5 пайызға артты.

 Темір тұлпар тізгендеген азаматтар жолда жүру ережесін қатаң сақтаса жол көлік оқиғалары болмас еді. Жолсақшылары өңірдегі көлік жүргізушілердің көпшілігі қарапайым талаптарды сақтамайтынын айтады.  

Алмасхан Тастанбеков – Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы

Негізінде азаматтар мынау жылдамдықты асыру көп тіркеледі. Жолақтарды ескермейді. Жаяу жүргіншілерді өткізбейді. Соған байланысты құқық бұзушылықтар орын алып жатады...

Енді бұлай қарапайым ережені ескермей өте шығуға болмайды. Өйткені, биылдан бастап өңіріміздегі күре жолдарға бейнебақылау камералары көптеп қойылмақшы. Тіпті ондай құрылғылар шалғай аудан орталықтарына да орнатылады.

Көшелердегі бос жерлердің барлығына бейнебақылау құрылғысы қойылмаса да биыл көшелердің біразында камераның қарасы көрінеді. Нақтырақ айтар болсақ биыл әрбір аудан қала орталықтарына қос-қостан камера қойылады. Ол үшін департамент арнайы бағдарлама түзіп тиісті орындарға жолдаған.

Алмасхан Тастанбеков – Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы

Бұл көбейеді негізі.Бізде мемлекеттік бағдарлама бар «Цифрлы Қазақстан» деген осының аясында біз қойып жатырмыз. Ол тек облыс орталығында ғана емес барлық аудан орталықтарына қойылады.

 Ал, қазір көпшілік сергек деп атап жүрген камералар мен жақында қойылған жылдамдықты өлшеу апараттары әлі іске кіріспеген. Департамент өкілдері  бұл бейнекамералар  сынақ мерзімінен өткізіліп жатқанын айтты.Дегенмен бұл ережені бұзып, көлікті оңды солды қалаған жылдамдықпен жүргізуге   жол бермейді. Биылдан бастап жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл ақысының  5 пайызға өсті. 

М.ЖАРЫЛҚАСЫН                                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫН КӨРГЕНДЕР АЛҒЫС АЙТТЫ
20:12, 20 наурыз 2019
ЕЛБАСЫНЫҢ ҚОЛДАУЫН КӨРГЕНДЕР АЛҒЫС АЙТТЫ
Толығырақ...
ОТЫЗ ЖЫЛ ЕЛДІ БАСҚАРҒАН, БАРЛЫҚ ЕЛМЕН ДОС БОЛҒАН...
20:12, 20 наурыз 2019
ОТЫЗ ЖЫЛ ЕЛДІ БАСҚАРҒАН, БАРЛЫҚ ЕЛМЕН ДОС БОЛҒАН...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...