ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛУДЕ

12:30, 7 тамыз 2019

Кентау қаласына қарасты Иқан ауылында жол мәселесі оң жолға қойылған. Бүгінде «Ауылым - алтын бесігім» бағдарламасы аясында 2 көшеге асфальт төсеу жоспарланған. Әзірге жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Ескі Иқан ауылдық округінде жол жөндеу жұмыстары қарын алған. Себебі, мұндағы заман талабына сай келмейтін көшелер тұрғындардың табанын тоздырып, жол азабы әбден әбігерге салған. Биыл ол қиындық артта қалып,  «Ауылым - алтын бесігім» бағдарламасы негізінде  2 көшеге асфальт төселуде. 

 Әбдісаттар Расулов -  Ескі Иқан ауыл округі әкімінің орынбасары

Аяқталу мерзімі 20 тамызға дейін. Бүгінгі таңда асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. 11 250 000 тг -ге жол жөндеу жұмыстарына тендер жарияланып, бүгінгі таңда ЖШС «Әзірет жол» мердігер компаниясы 9 860 000 тг-ге 2 көшені ұтып алған.

Ауылда жалпы 136 көше бар. Қазіргі таңда 36 көшеге асфальт төселген. Алдағы 2022 жылға  дейін ауыл көшелерінің 55 пайызына асфальт төсеу  жоспарланған.

Құдірет Камалов - Иқан ауылының тұрғыны

Жол жөнделіп, бала-шағамыз мектепке және бала-бақшаға  тегіс жолмен баратын болды.  Кешке жақын көшеміз жарықпен қамтылған.

Айта кетейік, ауылдағы  136 көшенің 90 пайызы жарықтандырылған. Оның  3  көшесі  үкімет тарапынан қаржыландырылса, қалған барлық көшелер демеушілер мен ауыл тұрғындар есебінен қолдау тапқан.

М.ӘСЕМБЕК 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...