ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛДАУ: НАСИХАТТЫҚ ТОП ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

13:48, 11 қазан 2018

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын насихаттау бойынша облыстық топ бірнеше аудан, қалаға іссапар жасады. Облыс әкімінің орынбасарлары басаған топтың құрамында зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, басқарма басшылары мен өзге де белсенді азаматтар бар.

Насихаттық топтардың бірі Сайрам ауданына келіп,  мәдениет үйінде халықпен жүздесті. Елбасы жолдауындағы міндеттерге кеңінен тоқталды. Өз кезегінде топ жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков биылғы Жолдаудың елдің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына ықпалы зор екенін, ондағы міндеттердің орындалуына барша қазақстандықтардың бірлікпен үлес қосуы керек екендігін айтты.     Сонымен қатар, Ұласбек Сәдібеков 2019 жылдың  жастар жылы болып жарияланғанына тоқталып, бұл бағытта жастарға үлкен сенім артылатындығын айтты. Жиын барысында білім саласындағы жемқорлық мәселесі де сөз болды. «Елбасының жаңадан құрылған облысқа қарқынды жұмыс бастауды міндеттегені — бізге сенім білдіргені. Жалпы, өңірімізде білімді, білікті мұғалімдер өте көп. Білімге құштар  оқушыларымыз да жеткілікті. Бірақ, бір ғана жемқорлық мәселесі барлығына түгел күйе жағып жібереді. Сондықтан, бұл бағытта жаңаша жұмыс жүргізілетін болады. Оған барлығымыз қолдау білдіруіміз қажет" деген облыс әкімінің орынбасары сайрамдықтардан Жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыруда үлкен үміт күтетіндігін жеткізді.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                          

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...