ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

16:25, 5 қыркүйек 2019

Жолдау жүктеген міндеттерді сәтті жүзеге асыруға әрбір мемлекеттік қызметкер жауапты. Әсіресе, басшылық лауазымда отырған шенеуніктер жіті түсінуі тиіс. Сол үшін олар қоғаммен тығыз байланыста болып, жұмыс істеуі керек. Бүгін Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған жолдауды облыста сәтті жүзеге асыру мәселесін талқылаған жиында өңір Өмірзақ Шөкеев осылай деді. Облыс әкімі бес бағыттан тұратын жолдауды жүзеге асыру үшін өңірде арнайы жұмыс жоспары әзірленгенін атап өтті. Ол жұмысты облыс әкімінің орынбасары мен салалық басқарма басшылары және Нұр Отан партиясының мүшелері қадағалайтын болады.

 Бұдан былай өңірде әрбір азаматтың арыз-шағымы ескерусіз қалмайды. Ол үшін алдағы уақытта «Азаматтар өтініштерін бақылау» бөлімі құрылады. Ол барлық деңгейдегі арыз-шағымдардың мерзімінде жауап берілуіне бақылау жасайды. Сонымен қатар ендігі жерде облыс орталығында арнайы қоғамдық қабылдау орталығы жасақталады. Онда облыс әкімінің орынбасарлары айына ал, аудан әкімдері мен басқарма басшылары аптасына бір рет диалогтық алаңда жұртпен жүздеседі. Ал, ол жерде көтерілген мәселелер міндетті түрде шешімін табатын болады.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп түрлері кеңінен дамыған. Экспорттық потенциал өте жоғары. Енді сол мүмкіндікті  пайдаланып, өңір өнімін халықаралық деңгейде насихаттау керек. Себебі жолдауда мемлекет басшысы ауылшарушылық өнімінің көлемін арттырып, тауар өндірушілерге мейлінше мемлекет тарапынан қолдау көрсетілу керектігін атап өткен болатын. Сонымен қатар, Президент өз жолдауында ауылдардың мәселесіне де баса назар аударуды тапсырды.Соған сәйкес өңірде «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша келер жылы 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінетін болады.

Өмірзақ Шөкеев – Түркістан облысының әкімі

"Биыл облысыта 7 елдімекеннің мәселесін шешуге  4 млрд. теңге жұмсалды. Нәтижесінде, 112,8 шақырым жол төселіп, 7 білім, 1 спорт және 5 мәдениет нысандары жөндеуден өтті. Жоба аясында 2020 жылға 15 елді мекенде 114 жобаны іске асыруға 4,8 млрд.теңге бағыттау жоспарлануда

Бүгінде тұрғындардың билікке айтар базынасы көп. Олардың дені өз өтінішін жергілікті билікке жеткізгеннен гөрі Нұр-Сұлтанға барып немесе Нұр Отан партиясына айтқанды жөн көреді. Өткен 8 ай ішінде Нұр отан партиясының облыстық филиалына 5204 арыз-шағым түскен. Олардың 41 пайызы әлеуметтік көмек мәселесіне қатысты болса, 30 пайызы тұрғын – үй мәселесі жайында шағым түсіріпті. Бір қызығы партияның араласуымен сол арыздың 52 пайызы оң шешімін тапқан.

Бейсен Тәжібаев – «Nur Otan» партиясы ТОФ төрағасының бірінші орынбасары

Мәселені жасырғаннан гөрі жедел шешкен тиімді. Халықпен тікелей жұмыс істеп, олардың талап-тілегіне дер кезінде үн қату арқылы мемлекет ісі дамиды.       

Жиында өңір басшысы қала, аудан әкімдері мен қалалық құрылымдардың басшыларына тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.Өздеріне жүктелген міндеттерді уақтылы әрі сапалы орындауды міндеттеді. Сонымен қатар алдағы уақытта басшылық лауазымдағы шенеуніктердің жұмысына халықтың берген бағасы арқылы қорытынды шығарылатынын жеткізді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...