ШҰҒЫЛ! ЖЕТІ ӘКІМ 7 ТҮРЛІ ЖОБА ӘЗІРЛЕДІ Толығырақ

ЖОЛДАУ ЖҰМЫЛА ЖҰМЫС ІСТЕУГЕ ҮНДЕЙДІ

14:02, 11 қыркүйек 2019

Еуропада әрбір 100 жастың 82-сі алған білімін өз кәсібін ашуға, оны дамытуға жұмсайды. Өкінішке орай, бұл көрсеткіш бізде төмен. Жастарды бизнеске тартуға бағытталған шаралар Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында да айтылған. Тек, жастар осы мүмкіндікті пайдалануы қажет.

 «Сындарлы Қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдау халық арасында түсіндіру жұмыстарын қажет етеді. Осы мақсатта құрылған қалалық ақпараттық-насихаттық топ Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесті. Жолдаудың маңызды, мемлекет алдындағы жаңа міндеттер мен идеалогиялық жұмыстарды қажет ететіндігін саясаттанушы Сәкен Мәжімбеков түсіндіріп берді.

Сәкен Мәжімбеков - М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің директоры

-Қазір кез-келген ел ақпарат қауіпсіздігі дейміз ғой. Ақпарат қауіпсіздігімен қатар мифодизайндарын жасауда. Менің айтайын деген ұсынысым үлкен оқу орындарының базасында әлеуметтік халықтың психологиялық типін яғни қоғаммен байланысты зерттей отырып, мемлекеттік органдарға жасайтын істеріне қарай сілтеме жасап отырса құба-құп болар еді. 05:15

 Жолдауда қоғамдық келісімді нығайту жайы мен білім саласын жетілдіре түсу, азаматтық қоғамның маңызын арттыру жайы да ұмыт қалмаған. 

Анар Аманқұлова – Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп директоры

-Ұстаз мәртебесіне көңіл аударған президент тамыз конференциясында алдағы 4-жылда ұстаздардың еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырды. Бұл озық елдер қтарына енуді мақсат тұтқан еліміздің келешегіне деген нық қадам. 01:12-01:30

 Үкімет микро және шағын бизнес саласындағы компанияларды табысқа салынатын салықтан үш жылға босату жайын қарастыратын болды. Ол үшін заңнамаға өзгерістер енетін болады.

 Ғабит Мәуленқұлов – Әл-Фараби ауданының әкімі

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, микро және шағын бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге үш жылға тыйым салу туралы шешімі күшіне енеді. Бұл - шағын кəсіп иелеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған үлкен қолдау. Халықты өздеріңіз білесіздер. Билікке сенімсіздік. Ең бірінші полиция мәселесі. Құқық қорғау орган жүйесінің жалпы басқаша келбетін қалыптастыру.

 Жолдау еліміздің тарихын қалыптастыратын маңызды құжат. Ондағы мақсаттарды жүзеге асыру қоғам мүшелерінің ортақ міндеті болмақ.

Р.Бақытжанқызы                                       

Тақырып бойынша материалдар

3 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ, 3,5  МИЛЛИОН ТҮП ТАЛ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ
21:19, 18 қараша 2019
3 ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ, 3,5 МИЛЛИОН ТҮП ТАЛ КӨШЕТІ ЕГІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
18:48, 12 қараша 2019
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖОЛМЕН КӨЛІК РӘСІМДЕГЕНДЕР СОТТАЛДЫ
Толығырақ...