ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖОЛДАУДА АЙТЫЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРДЫ ОРЫНДАУДА ШЫМКЕНТ БЕЛСЕНДІ

17:56, 4 қыркүйек 2019

Президенттің жолдауда айтылған 5 бағытын жергілікті атқарушы билік орындауға міндетті. Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Президент атап көрсеткен тапсырмаларды орындау үшін бар күш жігерді жұмсауға шақырды. Бұқараның әкімдік арасында байланыс орнату бүгінгі күннің негізгі мәселесі. Қала әкімдігінде өткен жиында жолдауда көрсетілген міндеттерді орындау жайы әңгіменің өзегіне айналды.

Қала басшысы Ерлан Айтаханов  Жолдауда көрсетілген 5 бағытты айшықтап айтып берді. Бірінші бағыт бойынша Шымкент қаласы әкімдігіне азаматтардан келіп түскен әр өтініш және жеке қабылдауға келген әр тұрғынның мәселесі қатаң бақылауға алынып, заң аясында нақты шешімін табуы керек екенін айтты.

Ерлан Айтаханов – Шымкент қаласының әкімі

Актив отырысында мәслихат депутаттары, ардагерлер, зиялы қауым, қоғамдық ұйым төрағалары жарыс сөзге шығып, Жолдауда жүктелген міндеттерді айтып, өз пікірлерін ортаға салды.

Орынбай Рахманбердиев – мемлекет және қоғам қайраткері

Шалатай Мырзахметов – мемлекет және қоғам қайраткері

Жолдау барысында мәдениет қызметкерлерін қолдау шаралары да атап өтілді. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе. Қазіргі таңда қаладағы мәдениет саласындағы 18 мекемеде 1536 адам жұмыспен қамтылған. Ағымдағы жылы олардың еңбекақылары 30 пайызға көбейді. Келесі жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тағы өсетін болады.

Дария Қожамжарова – Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры

Мемлекет басшысы 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жеткізу қажеттігін айтты. 2018 жылы Шымкент қаласында жалпы өңірлік өнім  2 трлн.теңгені құрап, 12 пайызға артқан. Осы жоғары деңгейдегі өсім қарқынын сақтап қалу мәселесі көтерілді. Осы жылы Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында  құны   38 млрд. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, 1 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.Ерлан Қуанышұлы өз орынбасарларына Мемлекет басшысының Жолдауындағы 5 бағыт бойынша шаралар жоспарын жасауды тапсырды. Аудан әкімдері мен қалалық құрылымдардың басшыларына тұрғындар арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізуді жүктеді.

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...