ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖОЛДАУДЫ ҚОЛДАУ

16:55, 6 қыркүйек 2019

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халқына арнаған Жолдауында Үкіметке бірқатар міндеттерді жүктеді. Маңызды құжаттағы жүзеге асуы тиіс мәселелерді кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихат топ кентаулық тұрғындарымен кездесті.

Алғашқы кездесу 1300 адамды жұмыспен қамтып отырған Кентау трансформатор зауытында өтті. Облыс әкімінің орынбасары өңірдегі білім саласын жетілдіру мен бала құқығын қорғау, сондай-ақ дарынды балаларды қолдау бойынша атқарылатын тың жұмыстарға тоқталды. Жолдауда міндеттелген 5 бағытты айшықтап, түсіндіріп өтті.

 Сакен Қалқаманов – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Жолдауды түсіндіру жиыны Кентау қаласындағы Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайында жалғасты. Онда Мемлекет басшысының алғашқы халқына арнаған маңызды міндеттері турасында баяндама жасалды. Сондай-ақ, Кентау қаласына қарасты ауыл-аймақтардағы мектептерге жеткілікті түрде көңіл бөлу мәселесі айтылды.  Жолдауға сәйкес, енді алдағы ескірген оқушылар үйінің материалдық - техникалық базасы толықтай жаңартылмақ.

Алдағы уақытта бала құқығын қорғау комиссиясының құрамы жаңарады. Бұл жұмыстың ашық әрі әділ болу үшін қоғамдық ұйым өкілдері мен блогерлер тартылмақ. Насихат жұмыстары облысқа қарасты барлық аудан, қалаларда өткізілуде.

М. ӘСЕМБЕК            

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...