ШҰҒЫЛ! РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРЫҢҒАЙ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КҮНІ Толығырақ

ЖОЛДАУДЫҢ ЖҮГІ АУЫР

17:41, 11 қыркүйек 2019

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі». Президент Жодауы Қазақстан Халқы Ассамблеясының Шымкенттегі филиалында өткен жиында түсіндірілді. Шара барысында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында өңірге белгілі зиялы қауым өкілдері бас қосып, пайымды пікірлерімен бөлісті.

«Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының өкілдері бұған дейін де талай мәрте бас қосып, түрлі шараларға ұйытқы болып жүр. Бұл жолғы кездесудің мәні бөлек. Президент Жолдауын түсіндіру.  Ұлт санасына рухани және мәдени құндылықтарды сіңіруді мақсат еткендер Елбасының Рухани Жаңғыру мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарған істеріне де тоқталды.

 Шымырбай Нартбаев – тарих ғылымдарының кандидаты

Елбасының Рухани Жаңғыру бағдарламасы аясында кітап басып шығардық. Жас ұрпақтың бойына ұлтжанды қасиеттерді сіңіру үшін біраз тірлікті атқардық.

Кәсіпкерлікті қолдау үшін жаңа жылдан бастап, түрлі тексерістерге үш жылға мораторий жарияланбақ. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы» аясында қосымша 250 млрд тг бөлінеді деді Президент. Бұдан бөлек, баласы көп аналарды кәсіппен айналысуға тарту қажеттілігі де өзекті. Ал, зейнетақы қорындағы қаржыны үй алуға не білім алуға жұмсауға рұқсат беруі көпшіліктен қолдау тауып отыр.  

 Досай Кенжетай – Қ. Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры

Президент Жолдау дәл, нақты кезінде нақты мәселелерді қамтып отыр.

 Жолдауды қолдау – ел экономикасының жандануына серпін бермек. Жиын қортындысын бойынша, ел үшін ерек құжатта айтылған міндеттерді бірлесіп атқару үшін тиімді іскерлік байланыс орнайтын болды.

Г. Қалмырзақызы                                           

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...