ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

13:46, 9 қыркүйек 2019

«Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын», - деп басталған Президент Жолдауы жұртшылық тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Маңызды құжатта Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жаңа стратегиялық даму бағытын айқындап берді. Созақ ауданының активімен болған жиында Президент Жолдауы жан-жақты түсіндірілді.

Жолдымұрат Аманбаев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», - деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады. Басқосуда облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев кәсіпкер үшін жағымды жаңалық болған жағдайға егжей-тегжейлі тоқталды.

Жолдымұрат Аманбаев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Шағын және орта кәсіп иелері үшін бұл  - үлкен мүмкіндік болып отыр. Енді бизнес өкілдері өздеріне тиесіліден құр қалмақ емес...

Билік өкілдерінің пікіріне құлақ ассақ, Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында барлық салаға байланысты, әсіресе білім, мәдениет, экология салаларына қатысты нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы экономиканың қай саласынан қаражатты үнемдеуге болатынын да атап өтті. Яғни, ол аспаннан түсетін қаржы емес – тек үнемдеу, мемлекеттік сатып алу заңын жетілдіру арқылы келетін қаржы. Соған байланысты Парламентке көптеген заңдарды әзірлеу бойынша нақты тапсырмалар беріліп отыр. Әсіресе, экологиялық кодекстерді қайта қараудың маңызы зор.

Г. Қалмырзақызы                                

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...