ШҰҒЫЛ! ӨЗ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦЕЙІҢІЗДІ ТАНИСЫЗ БА? Толығырақ

ЖОЛСЫЗ ҚАЛҒАН ТҰРҒЫНДАР

14:03, 11 қыркүйек 2019

Шымкенттегі Қаратау ауданына қарасты Саяхат көшесінің тұрғындары екі кештің арасында дүрлігіп қалды. Басты себеп жол мәселесі. Тұрғындардың айтуынша асфальт төсеп жатқан мердігер мекеме көшенің жартысына келгенде жұмысын тоқтатқан. Жолсыз қалған көше тұрғындары арнамызға арызданды.

Көшеге шығып мәселесін алға тартқан бұл бұл азаматтар  Нұртас мөлтекауданының бел ортасындағы Саяхат көшесінің тұрғындары. Бәрінің уайымы бір.  Жұртқа төселген асфальт бізге жетпей қалды ма? -деп налиды. Жазда шаң қыста батпаққа бататын  тұрғындар биылда жол жөнделмей қалама деп үдеруде.

Феруза Айтымбетова – Шымкент қаласының тұрғыны

Біз бригадирға бардық ол айтты. Бізде указание жоқ. Ары қарай істемейміз деді. Біз не істейміз енді? Бала-шаға сабаққа бара алмайды көше лай. Жердің бәрін сырып тастады. Енді не қыламыз?

 Нұртас мөлтекауданындағы  5 көшеге асфальт төсеу міндетін  «Әлем Транс Жол» ЖШС-і мойнына алған екен.  Мердігер мекеме жұмысын тоқтатпапты.  Басшысының айтуынша құрлыс  жұмыстары кестеге сай жүргізілуде.   Саяхат көшесінің  жартысына осы мекеме жол төсеген. Қалқан 1800 метрін жыл   соңына дейін аяқтау жоспарланған.

 Бақытжан Бейқұтов  - «Әлем Транс Жол» ЖШС директоры

Бізде график бойынша декабрьге дейін уақыт бар. Біз қазір Саяхат көшесіне шағал төсеп жатырмыз. Жылдың соңына дейін бітіріп береміз. Қазіргі таңда Саяхат көшесінің 1850 метрін бітіріп қойдық. 1800 метр қалған.

Серіктестік директоры жұмыс күші екіге бөлінгенін айтады.  Құрылыс компаниясының біраз техникасы  Арыс қаласына кетіпті. Апатты аймақтағы жұмыстарда аяқталуға жақын. Енді бар күш Нұртас мөлтекауданына жұмылдырылып жұртшылықтың мәселесі толық шешімін табады. 

К. Дүйсенбі 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
17:42, 11 қараша 2019
ШЫМКЕНТТЕН СОЛТҮСТІККЕ АТТАНҒАН ОТБАСЫ
Толығырақ...
ЖӘНІБЕКТІҢ  ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ  ЭФИРДЕН  КӨРСЕТІЛМЕК
16:15, 7 қараша 2019
ЖӘНІБЕКТІҢ ЖЕКПЕ-ЖЕГІ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕН КӨРСЕТІЛМЕК
Толығырақ...