ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

ЖӨНДЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ҮЙЛЕРДІҢ 90 ПАЙЫЗЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

17:51, 12 тамыз 2019

Арыс қаласында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың қатысуымен брифинг өтті. Келелі кеңесте шаһарды қалпына келтіру жұмыстары сөз болды. Ресми мәліметке сүйенсек, жөнделуі тиіс үйлердің 90 пайызының құрылыс жұмыстары аяқталған. Тақырыпты тілші тарқатып айтады.

Жарылыс салдарынан арыс қаласында  7101 жеке тұрғын үй мен 100 көп қабатты үйге зақым келген болатын.   428 жеке тұрғын үй мен 3 көп қабатты үй жарамсыз деп танылған еді.   Қазіргі таңда шаһардағы 6924 үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, иелеріне табысталған. Бұл жөнінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Қайырбек Өскенбаев - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші  вице-министрі

- Жөнделуі тиіс үйлер  90-пайызы аяқталды. .....

Төтенше жағдайдан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына бір реттік өтемақы төлеу мәселесі көтерілген болатын.  Бүгінде  57171 тұрғынның  мекен-жайы расталған екен. Шаһар  тұрғындарына 28388 дана төлем карталары  таратылыпты.  Бұл қаражатты  арыстық  ағайын  бүгіннен бастап ала алады.

Мұрат Қадірбек – Арыс қаласының әкімі 

-4000 мыңға жуық азаматтың төлем карталары дайын тұр. Бұл азамттар қалада болмағандықтан қиындықтар туды. Алып кетуіне болады. Бір реттік берілетін төлемақы беріледі. Қазір қажетті құжаттары толық рәсімделді.......

 Дегенмен, Үкімет тарапынан көрсетілген көмекке наразы тұрғындар да жоқ емес. Мәселен, жөндеу жұмыстарына көңілі толмаған  2 азаматтың үстінен іс қозғалған. Брифингте бар мен жоқты бір түгендеп алған  Қайырбек  Өскенбаев //  шаһар   қыркүйек айының 10 күні 100 пайыз қалпына келеді деп сендірді.

Н. Әлімбаев                                                                                    

 

 

Тақырып бойынша материалдар

МӘМ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ
18:58, 10 желтоқсан 2019
МӘМ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...