ШҰҒЫЛ! Талантты режиссер туған жеріне келді Толығырақ

Ж.ТҮЙМЕБАЕВ НИДЕРЛАНД КОРОЛЬДІГІНЕН КЕЛГЕН ЕЛШІМЕН КЕЗДЕСТІ

17:41, 16 мамыр 2018

Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ян Коп Диркпен кездесті. Кездесу кезінде тараптар екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайту, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру жайын талқылады.

Жансейіт Түймебаев  қонақтарды облыстың экономикалық әлеуетімен және кәсіпкерлерге жасалып жатқан мүмкіндіктермен таныстырды. Қолда бар мәліметке мән берсек, «Нидерланд – Қазақстан экономикасындағы ең ірі шетелдік инвестор. Тек өткен жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 5 млрд. АҚШ долларынан асқан. Бұл көрсеткіштің еселі болуына оңтүстіктің де қосқан үлесі сүбелі. Себебі, біздің өңір - ауыл шаруашылық саласына бейім аймақ. Енді осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, осы саладағы байланысты одан әрі арттыра түсу маңызды» – деді Жансейіт Қансейітұлы. Өз кезегінде Ян Коп Дирк облыс әкімінің ұсынысына қолдау білдіріп, жаңа жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді. Кездесу соңында аймақ басшысы қонақтарға сый-сияпат жасады.

М. Жарылқасын                         

Тақырып бойынша материалдар

Бүгінгі түлек – ертеңгі спорттық додалардағы ел мақтанышы
23:12, 25 мамыр 2018
Бүгінгі түлек – ертеңгі спорттық додалардағы ел мақтанышы
Толығырақ...
Түлектер ІТ технологияның тілін жетік меңгерген
23:03, 25 мамыр 2018
Түлектер ІТ технологияның тілін жетік меңгерген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:15, 21 мамыр 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
14:37, 21 мамыр 2018
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...