ШҰҒЫЛ! ЖОҒАЛҒАН БАЛА ТАБЫЛДЫ Толығырақ

ЖҮЙНЕКТЕГІ ЖЫЛЫЖАЙ

12:30, 14 тамыз 2019

Түркістан облысында агроөнеркәсіп саласы қарқынды дамып келеді. Мысалы, Кентау қаласына қарасты Жүйнек ауылында жылыжай көлемі артқан. Бүгінде шаруалар заманауи технологиялардың көмегімен жеміс-жидек пен көкөніс өсіру арқылы сапалы өнім алып отыр.

«Мұстафаева Жұмагүл» шаруақожалығының иесі 2010 жылдан бастап кәсібін іске қосып, өрге домалатқан. Шаруа ең алдымен мал шаруашылығынан бастап, одан соң,  жылыжаймен айналысуды қолға алыпты. 

Қайролла Мұстафаев - «Мұстафаева Жұмагүл» шаруа қожалығының  төрағасы

Шаруа иесі алғашқы жарнаны мемлекеттің қаржылай қолдауымен жүзеге асырған. Нәтижесінде  өнімін  күннен-күнге көбейтіп, бүгінде өзін ғана емес, өзгелерді де жұмыспен қамтып отыр. Жылыжай заманауи технологиямен салынған.

 Мадина Әсембек - тілші

Менің қолымдағы болгар бұрышы Голландиядан арнайы алып келінген. Жалпы жылыжайдың аумағы 3  гектарға жуық. Мұндағы өнімдер жылына 200-250 тонна өнім береді. Жылыжайда жалпы 28 адам қызмет етеді.

 Қазір ауылдастары да Қайролладан үлгі алып, жылыжай салуға кіріскен. Ер атандырған адал еңбек осылайша, өрісін кеңге жайып отыр. Мұндағы өндірілген өнімнің 100 пайызы Түркістан облысынан артылмайды. Себебі сұраныс көп,  сапа жоғары. Жүйнектік шаруа алдағы уақытта жылыжайдың гектарын арттырып, өнімді көбейтуді жоспарлап отыр.  

М.ӘСЕМБЕК 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
19:39, 18 қыркүйек 2020
ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ОНЛАЙН РЕЖИМДЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Толығырақ...
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
18:28, 18 қыркүйек 2020
АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТПЕН ОНЛАЙН СҰҚБАТ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
13:51, 16 қыркүйек 2020
САБЫННАН КҮНІНЕ 350 МЫҢ ТЕҢГЕ ТАУЫП ОТЫР
Толығырақ...
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
15:57, 15 қыркүйек 2020
МҰҒАЛІМДЕРДІ ЖҰМЫСҚА ОНЛАЙН ҚАБЫЛДАНУДА
Толығырақ...
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
19:31, 16 қыркүйек 2020
ТҮРКИЯДАН ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КЕЛДІ
Толығырақ...