ШҰҒЫЛ! ТЕГІН БЕРІЛЕТІН ДӘРІ-ДӘРМЕКТІ САТҚАН Толығырақ

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫ: ӨМІРМЕН КҮРЕС

15:51, 30 маусым 2020

Айлап ауруханадан шықпаған шымкенттік дәрігерлер халыққа үндеу жолдады. Ақ халатты абзал жандар той-томалақты тоқтатып, егде жастағы кісілерге үйден шықпауға кеңес береді. Сырқаттанып қалса қолдан келген көмегімізді аямаймыз, алайда, адам алдымен өз өміріне өзі жауапты, - дейді медицина мамандары.

Дүниені дүрліктерген дерт елімізде бастау алғанда оған күмәнмен қарап, сенбейтіндердің саны басым еді. Дегенмен, соңғы күндері инфекциялық вирусты жұқтырушылар қатары артып отыр. О баста бұл індет жасы үлкен жандар үшін өте қауіпті екені айтылған бо­латын. Алайда, індеттің ілмегіне іліккендер қатарында жастар да көп. Сондықтан, дәрігерлер, тұрғындарды карантин талаптарын сақтап, үйде болуға шақырады. Күнделікті тіршіліктің күйбеңімен тәртіп пен тазалықты естен шығарып алмаса екен, - дейді.

Гүлнар Мұсабаева – дәрігер-инфекционист

Дәрігерлердің үндеуі орынды-ақ. Себебі, қаламызда әлі де той, садақа жиындары тиылмай тұр. Соның салдарынан, дертке шалдыққандар саны дендеп барады. Ал, жағдайдың ауырлығын тек аурумен арпалысқа түскендер ғана түсініп отыр. Мамандардың мәлімдеуінше, маусым айында ЖРВИ белгілері анықталған науқастар саны екі есеге, пневмониямен ауыратындар саны 5,8 есеге артқан. Жедел жәрдемге жүгінушілер саны да күрт өсіп, күніне 2000-нан астам қоңырау түсетіндігін айтады. Егер халық бейғамдығын жалғастыра берсе, жағдайдың шиеленісе түсері тағы бар...

Перизат Ортай                                                               

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 9 ДӘРІГЕР ПНЕВМОНИЯДАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ
13:17, 8 шілде 2020
ШЫМКЕНТТЕ 9 ДӘРІГЕР ПНЕВМОНИЯДАН ҚАЙТЫС БОЛДЫ
Толығырақ...
 КЕЛЕСТІКТЕР ҚОҚЫСТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРАТУДА
13:09, 8 шілде 2020
КЕЛЕСТІКТЕР ҚОҚЫСТЫ ДА КӘДЕГЕ ЖАРАТУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
15:40, 2 шілде 2020
КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚҰДАЛЫҚ ӨТКІЗГЕН МЕЙРАМХАНА АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
16:30, 2 шілде 2020
ШЫМКЕНТЕ ӘЙЕЛ КӨПІРДЕН СЕКІРІП КЕТПЕК БОЛДЫ
Толығырақ...
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ  КАРАНТИН
16:32, 2 шілде 2020
АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ТӨТЕ ЖОЛЫ КАРАНТИН
Толығырақ...