ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

«ЖҰЛДЫЗ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

18:23, 14 қаңтар 2021

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен өткен мәжілісте қаладағы индустриялық, агроиндустриялық және көлік-логистикалық аймақтар мен арнайы экономикалық аймақтардың 2020 жылы атқарған қызметтері мен алдағы даму жоспары талқыланды. Атап айтқанда, «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру, «Оңтүстік», «Тассай» индустриялық аймақтары мен көлік-логистикалық аймағын дамыту, «Бозарық» агроиндустриялық аймағы бойынша мәселелер қаралды.

2020 жылы Шымкент қаласына 278 млрд.теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 40%-ға артқан. Биылғы жоспарды 315 млрд теңгеге жеткізу бекітіліп отыр. – Инвестиция тартудың бірден-бір жолы – индустриялық және арнайы экономикалық аймақтарды дамытып, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инвестициялық мүмкіндіктерді барынша қалыптастыру. Жұлдыз индустриалды аймағы Шымкент қаласының тарихындағы ең мықты жобалардың бірі болмақ. Инженерлік инфрақұрылым жүйелерін (Электр қуаттылығы және сапалы газбен қамту) сапалы орындауды тапсырамын.  Қажетті инфрақұрылымдар бойынша жобалау-сметалық құжаттама мен сараптамалық қорытынды алынып, тиісті бюджеттік өтінім берілуі тиіс. Келешектегі даму жоспарлары бойынша инфрақұрылым жүйелері қазірден мықтап қолға алынуы керек, – деді қала әкімі. Шаһар басшысы 306 га жер учаскелерін толығымен мемлекеттік мұқтажға қайтарып, инвесторларға дайын өндіріс паркін (Brownfield, Greenfield) құру бойынша ұсыныстар енгізу, 50 жаңа жоба тарту жұмыстарын жүргізуге тапсырма берді. Сондай-ақ, аймақтың болашақ жоспарларын қазірден дамытып, барлық жобаларға дайын болу керек екенін айтты.«Жұлдыз» индустриялды аймағындағы инженерлік инфрақұрылым жүйелері құрылысын маусым айында бастау жоспарланған. Бүгінде 260 га жер учаскесі мемлекет мұқтажына қайтарылды.

Тақырып бойынша материалдар

ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕГЕН
19:27, 25 қаңтар 2021
ТАБИҒАТТЫҢ ТОСЫН МІНЕЗІ ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕГЕН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ЖАНАР БЕКТАЕВА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:08, 21 қаңтар 2021
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІ...
Толығырақ...