ШҰҒЫЛ! ЖАСТАР МЕН КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАР ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАМАҚ Толығырақ

ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ЖАЙЫҚҚА КЕЛДІ

19:41, 13 мамыр 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс аптасы Батыс Қазақстан облысына жасаған сапармен басталды. Бүгін ол Жайық жағалауын жайлаған тарихи қала Оралға ат басын тіреді. Ұшақтан түскен бойда ол қала әуежайының қайта жөндеу жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, өңірдегі бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралады, облыс жұртшылығымен кездесті.

 Оралдың тозығы жеткен әуежайына шілдеден бастап жөндеу жұмыстары жүргізілмекші. Қазір сағатына 200 жолаушыны әупірімдеп күтіп алып, шығарып салатын әуежай 20-жылдан бастап сағатына 400, жылына 350 мың жолаушыны қабылдайды. Облыс әкімі Президентке осылай уәде берді.

Президент сапары қарсаңында қалада айтарлықтай қарбалас байқалмайды. Десе де әжептеуір дайындықтың жүргізілгені көрініп тұр. Президенттің құр даңғазаны жаны сүймейтінін ескерген болуы керек,көше бойларында әдеттегідей жалаң ұранға толы плакаттар байқалмайды, есесіне көктем шыққалы бергі тазалық жұмысы бір пысықталып, қала жиналып қалғанға ұқсайды.

Президент алдымен облыс халқымен кездесті. Орал Батысқа шығатын басты қақпа. Сондықтан өңірді жан жақты қолдау жалғаса беретінін айтты. Аймақтың географиялық орналасуы қолайлы, өндірістік әлеуеті де жоғары. Даму көрсеткіштері де жаман емес. Президенттің облыс басшысына берген бағасы да оң болды.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 Жақында облыс әкімін қабылдадым.Өңірдің тыныс тіршілігінен хабардармын.Соңғы уақытта олбылста оң өзгерістер болды, жаңа бастамалар іске қосылды. Бұл Алтай Көлгіновтың жұмысыны нәтижесі.

Бірақ, арқадан қақты екен деп арқаны кеңге салуға болмайды. Мемлекет басшысы аймақтың күрмеулі мәселелерін де жіпке тізіп берді. Мысалы таза ауыз су әлі күнге дейін батысқазақстандықтардың бас ауруы.

 ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

 Елді-мекендердің небәрі 45 пайызы ғана орталықтандырылған су жүйесіне қосылған. Мен жергілікті әкімдер мен Үкіметке 2020 жылға дейін ауылды аймақтардың 80 пайызын таза сумен қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл соншалықты қиын емес, шешуге болатын мәселе.

 

Тақырып бойынша материалдар

МЕГАПОЛИСТІҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
18:28, 11 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИСТІҢ ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТІ БЕКІДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ  МАРАПАТТАЛДЫ
18:33, 6 желтоқсан 2019
МЕГАПОЛИС ПРОКУРОРЛАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...