ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛУЫ ТИІС

12:22, 20 қараша 2020

Жыл басынан бері Шымкент қалалық еңбек инспекциясына 900 ден астам арыз-шағым келіп түскен. Инспекторлар тексеру кезінде 189 құқық бұзушылық жағдайды анықтапты. Олардың дені айлық- жалақы мен еңбек заңнамаларына қатысты болған. Басты мақсат қос тараптың заң шеңберінде жұмыс істеуіне ықпал жасау дейді басқармадағылар.

Сала мамандары жұмысшылардың құқықтары аяқ асты болуларының бірден-бір себебі қарапайым еңбек заңнамсының сақталмауы дейді. Басқармаға келіп түскен  арыз-шағымдардың басым бөлігі  осы заңды білмегендіктен орын алып   жатқанында  жасырмады .

Бауыржан Қалжанов–Шымкент қалалық еңбек инспекциясы және көші - қон басқармасының басшысы

Еңбек заңнамасын айтар болсақ жыл басынан бері 950 ден астам арыз шағым келіп түсті. Жұмыс берушімен жұмысшының арасында заңды білмеушіліктен түсініспеушіліктер орын алады. Соның барысында тексеру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз. Сол 950ден астам арыздан 160арызды текссердік. Со тексерулерден 189 құқық бұзушылық анықтадық.

Еліміздегі еңбек заңнамасындағы бірқатар баптарға өзгертулер енгізілген. Бұл өзгерістер қызметкерлердің мүддесін қорғап, дау тудыратын кейбір жәйттердің дер кезінде шешілуіне  негіз болды,деп отыр.  

Бауыржан Қалжанов– Шымкент қалалық еңбек инспекциясы және көші - қон басқармасының басшысы

Еңбек кодексінің 50 бабы 3-ші тармағында тағы даулы мәселе бар еді. Онда жұмыс берушілер 50 баптың 3-тармағына сілтеме жасап оны жұмыстан шығаруға құқығы бар еді. Қазіргі таңда бұл мәселені еңбек кодексінен алып тастады.

Еңбек инспекторлары қала тұрғындарының  сауатын ашу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарының сауатын арттыруға көмегін тигізеді деген ойдамыз дейді, мамандар.

Ө. Мырзабек

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар