ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

ЖҮРЕГІМНІҢ ТҮБІНЕ ТЕРЕҢ БОЙЛА

11:45, 10 қыркүйек 2019

Келесі жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Соған орай Түркістанда көркемсөз оқу шеберлерінің фестивалі өтті. Сайысқа 14 пен 29 жас аралығындағы өнерпаздар қатысты.

Фестиваль барысында сахна шымылдығы Абай өмірінен сыр шертетін, тағылымы мол қойылыммен түрілді. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші сында қатысушылар Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа оқып, екінші кезеңде қара сөздерінен үзінді оқыды.

 Лиза Шамет -  Түркістан қалалық мәдениет үйінің директоры

 Жақында түркістандықтарды әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-нан «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты Абай Құнанбаевтың өлеңдерінен байқау өтетіндігін айтып, хабардар еткен болатынбыз. Нәтижесінде рухани шаһардағы орта және арнаулы, жоғары оқу орындарынан29 үміткербақ сынамақ.. Бүгінгі өнер додасының мақсаты жастарға Абайдың шығармаларын таныстырып, оны насихаттау болып отыр.

Поэзия жаны құмар жандардың бірі - Гүлжайна есімді бұрымды. Бала кезінен Абайдың өлеңдерін жаттап, қара сөзін көңіліне тоқыған. Шарада  ұлы ақынның «Өкінішті, көп өмір кеткен өтіп...» атты  шығармашылығынан үзінді оқыды.

Гүлжайна Елмұратова - қатысушы

Тарихы терең, тағылымы ұзақ қазақ ұлтынан шыққан біздің Абай атамыздың әрбір әрбір өлеңінде қазақтың сыры, тағдыры, әдет-ғұрыпы жатталған. Әбір өлеін дәріптеп, бүгінгі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.  

Ұлағатты сөздері ұлттың ұранына айналған қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ел үшін жасаған еңбегі ерен.  Оның қазақ жазба әдебиетіне  қосқан үлесі өлшеусіз. Байқау соңында қатысушылардың баршасына дипломдар мен  сый-сияпаттар табысталды.  

М.ӘСЕМБЕК     

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...