ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЖҮРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ

19:32, 6 шілде 2019

Ел медицинасында трансплантация ісі жолға қойылған. Десе де, донор тапшылығы үнемі өзекті. Шымкенттегі кардиологиялық орталықта өткен дөңгелек үстелде осы мәселе төңірегінде сөз қозғалды. Мәжіліске медицина қызметкерлері, діни өкілдері мен қоғам қайраткерері қатысты.

Ағзаны ауыстыру  арқылы науқасқа  тағы  бір өмір сыйлауға  болады. Қазақстанда  бұл сала  2012 жылдан  бері  қарқынды дамып  келе  жатыр. Алғашқы жүрек трансплантациясын  Нұр-Сұлтан  қаласында отандық білікті дәрігер Юрий Пя жасаған болатын. Бүгінге дейін 71 науқастың  жүрегі  алмастырылды.

Юрий Пя – «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы

Қалада  халық  тығыз  орналасқан.  Бұл-мемлекет  үшін  маңызды  болып  саналады.  Әлемде, Нұр-Сұлтанда бар  жаңа технологиялар, құралдар   және ота  жасауға мүмкіндік Шымкентте  де болу керек. Бүгінгі  келуіміздің  басты  мақсаты-жүрек  трансплатанциясын ұйымдастыру.

Шымкенттегі № 1 клиникалық емханада трансплатация  оталары  2013  жылдан  бері  жасалып келеді.  6 жыл  ішінде  140 бүйрек және 20 бауыр  алмастырылған. Бауырын ауыстырған науқастардың 25, бүйрек трансплантациясына жүгінгендердің өмірі  15 жылға  дейін ұзарады. Бүгінде бір ғана мегаполисітің өзінде 150 адам  бауырға зәру.

Абылай Әбдіжаппарұлы - Шымкент қаласының бас трансплантологы

Дәрі-дәрмек, отан  кейінгі  жағдай, отаға  дайындау жағынан  бізде  тәжірибе  бар.  Бүгінгі  мақсат-мәйіттік трансплантацияны  дамыту жағынан  болып  жатыр.  Діни жақтан да  келіп отыр, халыққа түсіндіру  керек.  Мәйіттік трансплантация жасалса, аурулардың  саны  азаяды.

 Донор тапшылығы қашан да өзекті. Ел арасы, халық пайымында донорлыққа  деген  түсінік дұрыс қалыптаспаған. Мамандардың айтуынша, қайтыс болған 1адам 7 науқасқа жаңа өмір сыйлайды.  Ал, шымкенттік тұрғын Мұқаш Нұрлыбековтің  жүрегіне осыдан 2 жыл бұрын  ота жасалған. 58 жастағы  азамат бүгінде қалыпты  өмір сүріп жатыр. Десе де, күтім маңызды. Жылына  бір рет арнайы тексеруден  өтіп тұрады.   

 Мұқаш  Нұрлыбеков – Шымкент қаласының  тұрғыны

 Кардиоцентр  астанаға жолдама  берді.  Жасанды  аппаратпен  2 жыл,  8  ай жүрдім.  Кейін  донор  табылып, донор жүрегін  салдырып, қазір  жүріп жатырмыз, шүкір.

Жүрек трансплатациясы әзірге  тек Нұр-Сұлтан  қаласында  жасалады. Дәрігерлер алдағы уақытта жүрек алмастыру оталарын  Шымкентте  жасауды жоспарлап отыр.

Г. Қалмырзақызы                              

Тақырып бойынша материалдар

СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
19:36, 22 қазан 2019
СОТ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ АРЫЗЫН ТЫҢДАДЫ
Толығырақ...
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
19:09, 22 қазан 2019
«Менің туым – менің Отаным» акциясы басталды
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
19:06, 22 қазан 2019
ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...