ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ!

17:48, 26 қазан 2020

Шымкентте алғаш рет кардиохирургтар жабық түрде жүрегінде ахауы бар науқастың қақпақшасын хирургиялық жолмен ауыстырып берді. Пышақсыз жасалған отаны жасау үшін жергілікті ақ халаттыларға Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығынан білікті мамандар көмекке келді.

Шахарда алғаш рет жабық түрде жасалынған ота 82 жастағы қарт кісінің жүрегіне жасалды. Науқасқа «Орта қақпақшасының стенозы»  диагнозы қойылған. Мамандар ешқандай пышақ тілімінсіз науқастың  аяқ күре тамыранан жеткізуші құрылғы арқылы жүрекке еніп, қақпақшаны хирургиялық жолмен алмастырып берді. Операцияға екі сағат дайындық жүргізіліп, небәрі 10 минуттың ішінде жаңа қақпақша қойылды. Тағы да айта кетерлігі ота нархозсыз жасалды. Алғашқы ота сәтті өтіп, қос тарапта қуанды.

Асқар Рахматалиев – Шымкент қалалық кардиологиялық орталығы, ангиографиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі

Бұл тәсілмен жасалатын оталар еліміздің бас қаласы Нұр-сұлтан мен мегаполис Алматыда жүйелі жүзеге асырылып келеді. Енді келер жылдан бастап, шым Шаһарда да бірізділікке қойылады. Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығынан келген мамандар, біздің медициналық құрылғылар мен операцияға қажетті жабдықтарымызды жоғары бағалады. Соңғы үлгі, стандарттық сапа екендігін айтып,  Шымкенттік дәрігерлердің мүмкіндігі зор екендігін алға тартты.

Абдурашит Мұсаев - Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығының бөлім меңгерушісі

Әдетте егде жастағы қарт кісілерге кардиологтар жүрегіне ота жасауға кеңес бермейді. Дегенмен бұл жолы білікті мамандар тәуекелге барып,  қарт кісінің жүрек қақпақшасын алмастырып берді. Операция тіліксіз өткендігтен, науқас  екі-үш күн аралығында оңалады. Енді бүгінгі тәжірибе алмасу отасының нәтижесінде  жергілікті ақ халаттылар жүрек қақпақшасына жабық түрде жасауды өз бетінше атқара алатынын айтады. Мұндай операцияның түрі медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде елдің әрбір азаматы үшін ақысыз жүзеге асырылады.

Нұрсұлтан Мұхамеджан                                                                       

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар