ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ

18:35, 14 маусым 2019

Түркістан қаласында байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мен Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай, журналистер арасында дәстүрлі спартакиада басталды.

  Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға биыл Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы бақ өкілдері бірге қатысып отыр. Кәсіби

мереке қарсаңында журналистер волейбол, жүзу, шахмат, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, үстел тенисі, жеңіл атлетика, бильярд және шағын футболдан өзара күш сынасуда. Жарыстың волейбол, жүзу, шахмат, арқан тартыс түрлері - Түркістан қаласында өтсе, қалған футбол, бильярд, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және жеңіл атлетика түрлері Шымкент қаласында ұйымдастырылады. Басты мақсат – салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы шығармашылық және достық қарым-қатынастарды нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Спартакиада Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен өтуде. Түркістаннан төрінен бастау алған спартакиада 16 маусымда Шымкент қаласында қорытындыланбақ. Жеңімпаз командалар мен журналистер арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады.

 

ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ, ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Бұл жолғы жарысқа өткен жылғыға қарағанда Созақ, Арыс қаласынан, бірқатар аудандардан тапсырыстар түсті. Споартшылар қатысып жатыр. Оның үстіне бұл жарыс Түркстан облысының Елбасы жарлығымен 1 жыл толуымен тұспа-тұс келіп отыр. Жарысқа қатысушыларға осылай ынтымағы жоғары, бірлікте болсын дейміз

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар