ШҰҒЫЛ! 700 КЕЛІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ Толығырақ

ЖҮЗІМНЕН 150 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ТАУЫП ОТЫР

13:30, 16 қыркүйек 2020

Жетісайлық жұрт мақта, егін шаруашылығынан бөлек жеміс-жидектің де көзін тауып, пайдаға кенеліп отыр. «Ер-Те Агро» ЖШС-і жылына жүзімнің әр гектарынан 20 тонна өнім жинап, 150 миллион табысқа жеткен. 2012 жылы бой көтерген жүзім бағы 4 жылда өз шығынан ақтапты.

Жетісай ауданы Жылысу ауыл округінде орналасқан «Ер-Те Агро» ЖШС-і 33 гектар аумаққа жүзімнің  9 сортын еккен. Атап айтқанда, Ливия, Аркадия, Кодрянка, Велес және Сәулелі кишмиш, Анюта, Байқоңыр, Женеев, Преображение сынды түрлері егілген.  Серіктестік иесі Сұлтан Жолдасбаевтың айтуынша, биыл жүзімнің әр гектарынан 20 тонна өнім жиналған. Сатылу бағасы – 300-400 теңге аралығында. Шығындарды есептегенде серіктестік жылына орта есеппен 150 млн теңге таза табыс тауып отыр. Маусымдық кезде 20 адам жұмыспен қамтылады. Өнім негізінен Қазақстан аумағына жөнелтілуде. Серіктестік өнімге сұраныс артқан жағдайда жүзім аумағын ұлғайтуды көздеп отыр.
БИЫЛ 5 ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Сондай-ақ, биыл Жетісай ауданында 5 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, Ералиев ауыл округі Арай ауылындағы 300 орындық «Дәуір» мектебі, сондай-ақ Абай ауыл округі Отан ауылындағы 300 орындық №47 мектеп, Жетісай қаласындағы 1200 орындық мектеп, Жылысу ауыл округі Баққоныс ауылындағы 300 орынға арналған Жангелдин атындағы мектеп және Атамекен ауыл округіндегі 300 орынға арналған мектеп биыл толық пайдалануға беріледі. Жалпы ағымдағы жылы 2400 оқушыға мектепте жаңа орын даярланады.
Айта кетерлігі, Жетісай ауданында 44 099 мектеп оқушысы бар. Өңірде 13 аралас мектеп бар, қалғаны қазақ мектептері. Ағымдағы жылы пайдалануға берілетін 5 оқу ұяларынан бөлек, келесі жылы 200 және 300 орындық екі мектептің құрылысы аяқталады.

Перизат Ортай                                                               

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
18:32, 30 қыркүйек 2020
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КОРЕЯНЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
18:30, 30 қыркүйек 2020
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚАЛА КӨШБАСШЫЛАР ҚАТАРЫНДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Л.К.Рамазанованың қатысуымен отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жедел онлайн-кеңес өтті
17:06, 25 қыркүйек 2020
ҚР Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-дем...
Толығырақ...
БАҚШАДА  БАЛА  ЖОҚ...  ЕСЕСІНЕ  ӨНІМ  КӨП
15:50, 25 қыркүйек 2020
БАҚШАДА БАЛА ЖОҚ... ЕСЕСІНЕ ӨНІМ КӨП
Толығырақ...