ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ЖЫЛУ БАҒАСЫ ӨСПЕЙДІ

17:53, 29 қыркүйек 2020

Шымкентте тұрғын үйлерге жылу қазан айының 15-інен кезең-кезеңімен беріле бастайды. Ал, қаламыздың оңтүстік бөлігіне жылу беретін «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамының бас директоры Қайрош Оңғарбаев қысқы маусымға 100 пайыз дайын екендіктерін айтады. Сондай-ақ, орталық басшысы биыл жылу бағасының көтерілмейтіндігін жеткізді. Ондағы құрылыс-монтаж жұмыстары мен қазандықтардың халін бақылап қайтқан әріптесім толықтырсын

 «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамының иелігінде 11,7 шақырым магистральды жылу құбырлары бар. Қазір қазандықта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 қазанға дейін аяқталады. Орталық басшылығының айтуынша, олар қысқы маусымға толықтай дайын. Ал, баға былтырғысынша қалатын көрінеді.

Қайрош Оңғарбаев - «3-Энергоорталық» АҚ бас директоры

Биыл тиісті жөндеу жұмыстарының барлығын өткіздік. 1-2 аптада аяқталатын қосымша жөндеулер жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымына 100 пайыз дайынбыз деп айта аламын.  

Мұндағы мамандардың сөзіне сүйенсек, былтырғы жылы жылыту қазандықтарында ешқандай мәселе туындамаған. Халық тарапынан да арыз болмапты. Ал, биылғы жылыту маусымы 15 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Кестеге сәйкес тиісті мекемелерден басталмақ.

Салима Бопова - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Жылыту маусымы 15-қазаннан басталады. Бірінші кезекте, балабақшаларға, мектептерге, медициналық орталықтарға және бюджеттік мекемелерге беріледі деп жоспарлануда. Содан соң, тұрғын үйлерге беріле бастайды. Барлығы да кестеге сәйкес жүзеге асады.

Айтып өтейік, Қалада 479 бюджеттік мекеме жұмыс істеп тұр. Оның 271-і жеке қазандықтармен жылытылса, 208-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Перизат Ортай                                                      

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...