ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ӘЛІ ДЕ ЖАЛҒАСУДА

13:46, 16 қазан 2020

Шымкент қаласында өрт жағдайы өткен жылғымен салыстырғанда 10 пайызға төмендеген. Алайда жыл басынан бері 148 апат тіркеліп, оның салдарынан 4 адам қайтыс болған. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев журналистермен бас қосып, жиын өткізді. Брифингте жылу беру маусымында газбен уланудың жолын болдырмау жоспары да айтылды.

Газбен улану фактілері Шым шаһардың үш ауданында орын алған.  Абай ауданында - 3 азамат, Әл-Фарабиде-2 және де Қаратау ауданында - 2 адам тілсіз жаудың құрбаны болған. Осыған байланысты қалада жылу беру маусымының алдында 15 - тамыз бен 15- қыркүйек аралығында қауіпсіздік шаралары жүргізілген. Қазіргі таңда мобильдік топ өкілдері рейд ұйымдастырып, жеке үйде тұратын тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүр. Олар жылыту пештері мен құрылғылардың сапасын қайта бақылауда.
Мадияр Жақсыбаев - Шымкент қалалық Төтенше  жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Мобильдік топ өкілдері ұйымдастырған рейдтік шара барысында ақауы бар жылыту құралдарын пайдаланып отырғандарға ескерту жасады. Және тексеру барысында көп балалы отбасылар мен жалғыз тұратын зейнеткерлер  жіті бақылауға алды.
Мадияр Жақсыбаев - Шымкент қалалық Төтенше  жағдайлар департаменті бастығының орынбасары
Жиын соңында Төтенше  жағдайлар департаменті бастығының орынбасары  қала тұрғындарына мұқият болуды ескертеді. Айтып келмейтін апаттың салдарын болдырмау үшін барлық талаптар мен міндеттердің сақталуы маңызды. Өз өміріңіз, өз қолыңызда!
Айдана Қуанышқызы                

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...