ШҰҒЫЛ! ӘКІМ УӘДЕСІНДЕ ТҰРДЫ,ТҰРАНҒА АТ БАСЫН БҰРДЫ Толығырақ

ЖЫЛЫЖАЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КЕРІ КЕТТІ

12:53, 13 ақпан 2020

Жыл он екі ай жылыжайда еңбек етіп, ел аумағын көкөніспен қамтып келген Түркістан облысындағы диқандар дағдарып отыр. Көмір мен табиғи газ бағасының қымбаттығынан олардың көпшілігі үренешікті кәсібінен қол үзіп, жылыжайларын сатуда. Жылыжай көлемінің азаюынан көкөніс бағасы да шарықтап кетті. Ел аумағындағы жылыжайлардың 87 пайызы өңірдің үлесінде екенің ескерсек, мұндай кереғар тірлік жұмыссыздықтың да белең алуына негіз болып тұр.

Рузмат Асурматов  былтырдан бері жылыжайға егін егуді қойды. Жылда мол өнім жинап, толайым табыс көзі болып отырған 1 гектардан астам  жер қазір бос. Өзге шығынды айтпағанда қыс бойы отын сатып алып, ішін жылытуға диқанның шамасы жетпейді. Осыған дейін шаруаға демеу болып келген үкіметтің субсидия қаржысы осыдан екі жыл бұрын тоқтатылды.

РУЗМАТ АСУРМАТОВ ДИҚАН

Кредит дегенді қолдау керек. 4 пайызбен жылдық қайтарыммен беру керек халыққа. Сонда  субсидия болмаса да халық сонымен күн көреді.

Түстіктегі  жылыжай шаруашылығы мейілінше дамыған Сарыағаш ауданы диқандары қазір тап осындай қиын жағдайда. 12 мыңнан астам азамат осы істің қырын сырын  меңгеріп, диқандық кәсіппен  несібе айырып келген еді.

ЖАҚСЫЛЫҚ ДҮЙСЕБЕАЕВ САРЫАҒАШ АУДАНЫ ФЕРМЕРЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Көмір жоқ, жұмысшыларымызға күнделікті беретін  айлығымыз да жоқ. Кредит аламыз 18-20 процентпен оны да алудың өзі машақат. Енді содан өніміміз қымбаттап кетті. Себеп, еңбегіміз, шығынымыз көп.

ӘБДІМҰРАТ УРАЗАЛИЕВ ДИҚАН

Мұны сатуға қойғанмен ешкім алмайды. Пайда болмаса неғылады. Банкрот болғаннан гөрі екпегінім жақсы.  

Заңдағы өзгеріске сәйкес қазір тек жаңадан соғылып жатқан өндірістік жылыжайлардың құрылысына ғана үкімет қаржылай қолдау көрсетеді. Ал жиналған өнім, өзге де шығындарды субсидялау жайы шешімін таппай отыр. 

МАҚСАТ СӘДІБЕК ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ

Қазіргі уақытта ондай субсидия жоқ. Оған министрлікке субсидия бойынша, беру керек деп хат жазғанбыз әлі жауап келген жоқ.  

Өңірдегі Сарыағаш пен Келес ауданында  жыл сайын жылыжайдан 120 мың тоннадан астам көкөніс жиналады.  Оның 90 пайызға жуығы еліміздің солтүстік облыстары мен көршілес Ресейге саудаланып келеді. Диқанды қаржылай қолдаудың аздығынан өнімділік биыл анағұрлым кем  болатын түрі бар.


 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ  ҰРЛАП  ҚАШҚАН
18:06, 20 ақпан 2020
ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР ҚАРУ-ЖАРАҚ ҰРЛАП ҚАШҚАН
Толығырақ...
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
15:10, 17 ақпан 2020
ШАҚПАҚТЫҚ ЖАСТАР ШАТАҚ ІСКЕ МҮЛДЕМ ЖОҚ
Толығырақ...