ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЗИЯТКЕРЛІК БАСТАУЫШ МЕКТЕБІ АШЫЛДЫ

13:43, 2 қыркүйек 2019

Түркістанда профессор Құлбек Ергөбектің зияткерлік бастауыш мектебі ашылды. Бұл елімізде жазушы негізін қалап отырған тұңғыш білім ұясы. Онда 1-ші және 4-ші сынып оқушылары біліммен қатар, ұлттық өнерді де тереңірек меңгеретін болады.

 

Рухани шаһарда шымылдығын түрген зияткерлік мектеп - баланың жан-жақты дамып, ой өрісмінің кеңеюіне жол ашпақ. Мұнда бастауыш сынып оқушыларын әлемдік сұранысқа сай, ағылшын, латын әліпбиін тереңірек  оқытатын болады. Ұжым басшылығы басты мақсатымыз сан емес, сапа қуу дейді.

 Баян Адырбек - Профессор Құлбек  Ергөбектің зияткерлік бастауыш мектебі  директоры

Профессор Құлбек  Ергөбек осы мектепті ұйымдастырғанда жалпы біз балаларға ерекше ой-өрісін дамыту үшін, оларға қандай жұмыс істей аламыз? Олардың ұлттық болмысын күшейту үшін алдымызға жоспар қойдық. Алдымен бастауыш мектеп негізінде аштық. 1-4 сынып аралығында оқиды.  Ата-ананың сұранысына орай, қазақ және орыс тілдерінде білім беретін мектеп болып ашылды.

 Балалар әдебиетінің сыншысы, профессор Құлбек Ергөбек зияткерлік мектепті ашу үшін мемлекеттен 46 млн. теңге қаржы алыпты. Нәтижесінде демеушілердің көмегімен қабырғасы қаланып, озық үлгідегі талапқа сай технологиямен жабдықталған.  

 Құлбек  Ергөбек - филология ғылымының докторы

Қазіргі таңда, жаңаша оқытамыз деп, ағарту, білім беру жүйесін бұзып алған сияқтымыз. Осы орайда, менің бұл мектепті ашу себебім, өзіміздің ұлттытқ дәстүрімізге бұрылу.

Зияткерлік мектеп білім берумен қатар, балалар бойына ұлттық өнер сіңірмек. Сабақтан тыс уақытта, 1 сыныптан бастап, домбыра, би, вокал,тоғызқұмалақ, дойбы  үйірмелері жұмыс істейді.

 Айымхан Жұманова - ата-ана

Жаңашылдық пен жаңа жұмыстарды бастайды деп, оқушылары білімді, өнерлі болып өседі деп немеремізді әкеліп отырмыз. Ұжымға үлкен сенім артамыз. Сымбат Інжу деген қыздарымызды әкелдік. Бастаған істері алға бассын. Өнерлі өрелі жастарды тәрбиелеп, өсіре берсін тілегіміз бар.

Білім ордасы 200  балаға  лайықталып салынған. 4 қазақ, 4 орыс сыныбы бар. Әзірге білікті деп сараланған 12 ұстаз оқытады. Мұнда мұғалімдермен бірге тәрбиеші мамандар да жұмысқа орналасты.

М.ӘСЕМБЕК     

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...