ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ? Толығырақ

ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

15:23, 26 мамыр 2020

Шымкентте зоологиялық бақта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бауыржан Мамыталиев Инстаграм парақшасында айтып өтті.

Шымкент зообағы келушілер үшін әзірге жабық. Бірақ бұл –  зоологиялық бақ жұмыс істемейді деген сөз емес. Онда жөндеу жұмыстары толығымен жүргізілуде. Зообақ басшылығы, мердігер мекеме және жобалаушы өкілдерімен өткен көшпелі отырыста жұмыстардың барысын талқыладық.

Зоологиялық парктің 63 павильоны қайта жаңартылып жатыр. Олардың әрбірі жануарларға барынша жақсы жағдай жақсарту мақсатында жабдықталады, – деді қала әкімінің орынбасары.

Зообақта жөндеу жұмыстары бірнеше кезең бойынша жүзеге асырылуда.

 2015 жылы 10 павильон,   2018 жылы  9 павильон жөндеуден өткен. «Мердігер мекеме «MabexTrade Ltd» ЖШС-інің жұмысына ескертпелер берілді. Оларды бір ай ішінде ретке келтіруді тапсырдым. «Аралас павильон» мен «Азия» павильонын қайта құру қарастырылған. Жоба бойынша жұмыстар ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Мердігер мекемелерден құрылыс мерзімін сақтауды талап еттім. «Оңтүстік және Солтүстік» континенттердің 27 павильонын жөндеу жоспарлануда. «Корпорация Береке» ЖШС-мен жобаны жақсартуға бағытталған өзгерістерді талқыладық» деп атап өтті Б.Мамыталиев.

 

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ МЕ?
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...