ШҰҒЫЛ! Талантты режиссер туған жеріне келді Толығырақ

АБДІӘЗІМ ҚАРАБАЕВ КҮРЕСТЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

17:33, 16 мамыр 2018

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында күрестен Азия чемпионаты болып өтті. Онда жерлесіміз Абдіәзім Қарабаев та өнер көрсетіп, Азия чемпионы атанды. Осыған орай өзі тәлім алатын Бекзат Саттархан атындағы дарынды балалардың спорт мектеп- интернатының ұжымы Азия чемпионына құрмет көрсетті.

Биыл жасөспірімдер арасында Аргентина астанасы Буэнес-Айресте олимпиада ойындары өтеді. Қазір дүбірлі жарысқа жастарымызды дайындау ісі қарқын алған. Өзбекстан астанасы Ташкентте грек-рим,еркін және әйелдер күресінен өткен кезекті Азия чемпионаты саңлақтардың шыңдалуына мол мүмкіндік берді. Қазақстан құрамасы сапында бозкілемде белдескен Абдіәзім Қарабаев барлық қарсыласын ұтып, алтын медальді жеңіп алды.

Бұған дейін Қазақстан чемпионатында топ жарып, Дәулет Тұрлыханов жүлдесіне арналған республикалық сайыстың жеңімпазы болған Абдіәзім өзінің мықтылығын қарсыластарына дәлелдей білді. Осы чемпионатта үш мықты елдің балуандарымен белдесіп, Хорватиада өтетін әлем чемпионатына жолдаманы жеңіп алды.

Бала жасынан күреске бейім Абдіәзімнің болашағынан бапкерлері үлкен үміт күтеді. Мектеп-интернат мамандарының біліктілігі арқасында таланттың жолы ашылып, өз мақсатына жетіп жүр. Енді әлем мықтылары бас қосатын додадан жеңіспен оралады деп сенеміз.

АСХАТ Мырзахметов                                              

 

Тақырып бойынша материалдар

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН ЕЛ КУБОГІ ҮШІН ЖАРЫС
12:33, 22 мамыр 2018
АКАДЕМИЯЛЫҚ ЕСКЕК ЕСУДЕН ЕЛ КУБОГІ ҮШІН ЖАРЫС
Толығырақ...
АУЫР АТЛЕТИКА МЕН ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ХХ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
16:54, 21 мамыр 2018
АУЫР АТЛЕТИКА МЕН ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ХХ ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:15, 21 мамыр 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
14:37, 21 мамыр 2018
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...