ШҰҒЫЛ! Әлдекімдер бір топ халықты әлеуметтік желі арқылы оңдырмай алдады Толығырақ

Ардагерлер арасында шахматтан облыстық жарыс басталды

18:09, 18 мамыр 2017

«Ақ тұлпар» шахмат клубы қариялар арасында шахматтан кезекті жарыс ұйымдастырды. Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің 25 жылдығына және Жеңістің 72 жылдығына орай өткізіліп отырған бәсекеге кезінде ел дамуы жолында шүмектеп тер төгіп, зейнетке шыққан 80-ге жуық ардагер қатысты.

Турнирді өткізу туралы Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ардагерлер кеңесі бастама көтерген. Қос мерекені жұптап, жарыс өткізу қатысушылар қарымын шыңдады. Бұқаралық спортты насихаттауға деген құлшыныстарын арттырды. Шахмат тақтасы алдында 50 жастан бастап, 80-ге дейінгі қариялар бас қосты. Интеллектуалдық ойында олар 2 топта жарысты.

Серік Бөлегенов – Әл Фараби аудандық бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы, «Ақ-тұлпар» шахмат клубының басшысы

Қалел Атантаев жүздің жүзін көргелі отыр. Жасы 98-де. Сұрапыл соғыста от кешкен.  18 жасында Украинаның Львов қаласында 32-ші танкі бригадасында отан алдындағы борышын 20 жыл өтеген. Айтуынша, шахмат ойды тазартады. Ауыр жүктен арылтады. Бұл ойынға қария 5 жасынан бастап қызығады.

Қалел Атантаев -  Жарысқа қатысушы

Шахмат тақтасы үстіндегі тартысқа толы ойындар екі күнге созылып, ертең өз мәресіне жетеді. Жарыс жеңімпаздары алдағы уақытта Қостанай қаласында өтетін республикалық жарысқа қатысады.  

НҰРСҰЛТАН Әбдірашит   

Тақырып бойынша материалдар

"Нұр Отан" партиясы көкпар ұйымдастырды
16:30, 17 қазан 2017
"Нұр Отан" партиясы көкпар ұйымдастырды
Толығырақ...
Соғыс ардагерлердің құрметіне облыстық турнир өткізілді
17:27, 16 қазан 2017
Соғыс ардагерлердің құрметіне облыстық турнир өткізілді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
17:38, 12 қазан 2017
Шымкенттің 50 тарта кәсіпкері Германияда білімін жетілдірмек
Толығырақ...