ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МАРАПАТТАЛДЫ

13:38, 20 қыркүйек 2018

Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Индонезияның Джакарта қаласында өткен ХVIII Азия ойындарының самбо күресінің жеңімпазы, Отырар ауданының тумасы Бағлан Ибрагимді қабылдады. Кездесуде аудан басшысы халықаралық спорт алаңдарында еліміздің туын туын көкке желбіретіп жүрген спорт саңлағын кезекті жеңісімен құттықтап, ел намысын қорғаудағы еңбегіне сәттілік тіледі.

Ерлан Айтаханов – Отырар ауданының әкімі

  • Киелі Отырар ауданынан небір мықты дарындардың шыққанын тарих өзі дәлелдеп берді. Әлемді аузына қаратқан күш алыбы Қажымұқан атамыздың ерлігінің өзі бір төбе. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздегі спорт саласына ерекше көңіл бөлуінің арқасында өзің секілді намысты қазақ спортшылары әлемдік додада топ жарып жүр. Аудан спортының өркендеуі үшін де барлық жағдайлар қарастырылған. Спорт бір бағытта ғана емес әр саласы бойынша да дамуы керек. Сол үшін ауданда қазақша күрес, дзю-до, самбо күрестерімен бірге бокс, волейбол, баскетбол, тоғызқұмалақ, ат спорты және тағы да басқа спорт түрлерін дамытуды қолға аламыз.

Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің спорт факультетінде 3-курста оқитын Бағлан Ибрагим алдағы қараша айында Румыния елінде өтетін әлем біріншілігіне дайындық үстінде. Бағланның ағасы Бақытжан Төребеков те спорт саласында біраз биіктерді бағындырған. Ол - Белградта өткен бүкіл әлемдік универсиада ойындарының күміс жүлдегері атанған жалғыз қазақстандық. Аудан басшысымен кездесу барысында Дзю-до күресінен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасының бас бапкері Бақытжан Төребеков жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігін киелі Отырар ауданында өткізу туралы ұсынысын білдірді. Аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы аталған ұсынысты жүзеге асыруға әзір екендігін жеткізді.

 Мәдениет пен руханият тарихында тамырын тереңге тартқан киелі Отырар өңірінен спорт саласының саңлақтары да аз шықпағаны белгілі.  Салауатты өмір салтын қалыптастырып, шымыр білекті спортшылар тәрбиелеу мақсатында ауданнан шыққан кәсіпкерлерді жұмылдыра отырып, бірқатар спорттық кешен пайдалануға берілді. Алдағы уақытта жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі де аталған аймақта ұйымдастырылуы бек мүмкін.

Нұрсұлтан ӘБДІРАШИТ                                                           

Тақырып бойынша материалдар

ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ  БАСТАЛДЫ
11:45, 8 мамыр 2019
ТЕННИСТЕН АТР CHALLENGER ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
15:58, 5 сәуір 2019
БЕКЗАТТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР АЯҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
17:23, 22 мамыр 2019
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ ИМАМДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
Толығырақ...