ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

«Барыс» Владивостокта «Адмиралдан» ұтылды

13:44, 12 қаңтар 2018

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын «Барыс» Владивостокта «Адмиралдан» ұтылды. Елордалық команданың осымен сегізінші рет жолы болмай, ұпайсыз қалды. Ойында мұз айдынының иелері 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин «Forbes» нұсқасы бойынша табысты боксшылар рейтингісінің үздік бестігіне енді. Кезек спорт топтамасында.

«Барыс» Владивостокта «Адмиралдан» ұтылды

Хоккей ойынының бірінші кезеңінде командалар есеп аша алған жоқ. Екінші кезең басында «Адмирал» командасы алға шықты. Ойындағы бірінші шайбаны Артем Земченок соқты. 44-минутта Максим Казаков мұз айдын иелерінің ойындағы екінші шайбасын соғып, «Барыс» жағдайын қиындатты. 51-минутта елордалық команда сапынан Антон Сагадеев есепті қысқартты. Алайда, ойынның соңғы сәттерінде «Адмирал» ойыншылары сапынан Алексей Андреев ашық қақпаға шайбаны дәл бағыттады.  «Барыс» келесі ойынын қаңтардың 16-сына Тольяттиде «Ладаға» қарсы өткізеді. Ойын Астана уақытымен сағат 21:00-де басталады.

 ГОЛОВКИН ТАБЫСТЫ БОКСШЫЛАРДЫҢ ҮЗДІК БЕСТІГІНЕ ЕНДІ

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин табысты боксшылардың үздік бестігіне енді. Арнайы рейтингті «Forbes» журналы жасаған. Бұл тізімде Гена 3-орынға тұрақтады. Журналдың мәліметінше, Головкин WBA (Super), IBF және IBO нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы ұлыбританиялық Энтони Джошуадан кейін орналасқан. Ал, бірінші орында бұрынғыдай мексикалық Сауль «Канело» Альварес тұр.

АҚМАРАЛ Көпжасарова

Тақырып бойынша материалдар

 III ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЭЛЬДАР ИМАНКУЛОВ 4 ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
13:48, 12 қазан 2018
III ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ЭЛЬДАР ИМАНКУЛОВ 4 ОРЫНДЫ И...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
16:08, 17 қазан 2018
КЕЙБІР АУДАНДАРДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН  ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
18:01, 17 қазан 2018
ЖОЛДАУ – ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Толығырақ...